News & Events
Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң
- 26.08.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
2022 жылдың 26 тамызында, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді.
Мақсаты: Оқырмандарымыздың Мемлекетіміздің конституциялық негіздері туралы білімдерін кеңейту; Конституцияны негізгі заң ретінде білу қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру; Конституцияны құрметтеуге тәрбиелеу; өз Отанына деген мақтаныш, құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Шара барысында Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасының доценті, кітапхананың белсенді оқырманы – О.К. Майбасаров «Жаңа Қазақстан бағдарламасының қалыптасуы мен жаңа Конституцияның қабылдануы » тақырыбында өз ойымен бөлісті.
Мерекелік шараны Қазақ соқырлар қоғамына қарасты Мәдениет үйі жанынан құрылған «Қаламқас» вокалды тобының өнерпаздары, «Еркеле» мүмкіндігі шектеулі өнерпаз орталығы қоғамдық қорының әншісі К. Желудкова әсем әуенмен әрледі. Кітапханамызға келіп, қазақ тілін үйреніп жүрген белсенді оқырманымыз –Л.К. Архангельская, А. Пошатаевтың «Ата заңым жасасын!» өлеңін қазақ тілінде оқыды.
Шараға 41 адам қатысты.