News & Events
Тәрбиенің мектебі – отбасы
- 09.09.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Қыркүйек айының айының 9-шы жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалына қарасты Мәдениет үйінде Отбасы күніне арналған «Тәрбиенің мектебі – отбасы» атты әдеби- сазды кеш өттті.
Іс-шараның мақсаты: Жанұя – адамзаттың алтын діңгегі, оның ұрпаққа деген ықпалын, жастарды ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап бағалауға, ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу.
Отбасы мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Мерекелік шара құттықтау сөзбен, ән-жырмен басталды. «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы төрағасы Қалқаев Қайрат Мырзахметұлы кешке келген қонақтарды отбасы күнімен құттықтады. Іс шараға «Қаламқас» вокалды-аспаптар тобы «Мама милая мама», «Молодые соседи», кітапхана қызметкерлері Хабибуллаева Дурдона «Анамның ақ жаулығы», Баймұратова Нүрия «Мама», Момбекова Назым «Аяулы ана», Гизатулина Наталья, Паздеров Илья «Бабушка» әндерін орындады.
Отбасы күні барлық Қазақстандықтарға амандық пен баянды бақыт әкелсін. Қазақтың әрбір отбасы өркендеп, Отанымыз нығая берсін!
Шараға 63 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері