News & Events










Шараның мақсаты: оқырмандарды қайсар ақын Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Шара барысында Мәдениет саласының үздігі, ақын, домбырашы Талап Қараш кездесуге арнайы келіп, ақынға арнаған өлеңін оқып, қырғыздың күйін орындады.
Кеште Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған әндерін «Алатау» дәстүрлі өнер театрына қарасты «Армандастар» вокалды аспаптар ансамблі орындап, өлеңдерін кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері оқыды. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы, кезең-кезеңімен қоғамдағы рөлі жайындағы дайындалған бейнероликтер және деректі фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар, ақынның «Ғашықтық ғаламаты» поэмасы желісі бойынша кітапхана қызметкерлері қойылым көрсетті.
Шара соңында кітапхана директоры Асхат Байұзақов ақынға Суретшілер одағының мүшесі, Халықаралық суретшілер байқаулардың лауреаты — Анар Әбжанованың Мұхтар Шахановтың мерейтойына арнаған туындысын авторлық қолтаңбасымен табыстады.