News & Events
«Ер – елінің қорғаны» атты әдеби- сазды кеш өтті
- 04.05.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
«Ер – елінің қорғаны»
Мамыр айының 4-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Н. Островский атындағы Қазақ соқырлар қоғамының мәдениет үйінде «Ер – елінің қорғаны» атты әдеби- сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақты, кітапхана оқырмандарының туған жеріне деген патриоттық сезімін арттыру, елімізді сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толды. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жарлығымен құрылған Қарулы Күштеріміз бүгінгі күнге дейін өзінің кемелденіп дамыған шақтарына жетті. Әскеріміз жаңарып оның күш қуаты жылдан-жылға нығаюда. Бұл күн қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күн. Кеште ер-азаматтарды Отан Қорғаушылар күнімен кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы төрағасы Қалқаев Қайрат Мырзахметұлы құттықтап сөз сөйледі. Ер-азаматтарымызға арнап Қыстаубаев Абдуррахман «Азат елдің баласымын» атты жалынды өлең жолдарын оқыды. Кітапхана қызметкері Баймұратова Нүрия жігіттерге арнап «У солдатов есть выходной», Желудкова Кристина «Журавли» әндерін орындады. Жас оқырмандарымыз № 201 мектеп гимназия оқушылары Мұрат Ерасыл, Талғат Мағжан «Батырлар ұраны» әнін орындап, әннен шашу шашты. Кітапхана қызметкерлері Момбекова Назым «Атамекен», Нұрлыбаев Макжан «Қазақ жастары» атты патриоттық әндерін орындап, келген қонақтарды риза етті. Кеш соңында Еліміздің, Отанымыздың мақтанышы, отбасының егесі, мейірбан ата, асқар тау әке, қамқор аға, ізетті іні, міне, осындай қасиеттері бар азаматтарымызға рақмет айтып, жақсылық, ашық аспан тілеп, ұлы даланың ұлы ұрпақтарына арналған мерекелік кешті аяқтады.
Іс-шараға 41 оқырман қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері