News & Events
«Достық – біздің тірегіміз»
- 29.04.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
«Достық – біздің тірегіміз»
Сәуір айының 29-шы жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен Н. Островский атындағы Қазақ соқырлар қоғамының мәдениет үйінде «Достық – біздің тірегіміз» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік туралы ұғымын кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, жастарды Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Кеште құттықтау сөз кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы төрағасы Қалқаев Қайрат Мырзахметұлына берілді.
Іс шараға «Қаламқас» вокалды-аспаптар тобының көркемдік жетекшісі: Зражевский Фёдор Фёдорович «Мой Радной Казахстан», «Мой город» әндерін орындап көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады. Жетісу ауданы №143 мектеп лицей оқушысы Ерік Алия «Әлқисса» күйін және осы мектеп лицей оқушылары Сағи Айша «Балқадиша», Ануар Эльнара «Қазақ елі осындай» әндерін орындап, кешті ән мен жырға бөледі. Армандастар вокалды-аспаптар тобының әншісі Дүйсенбиев Ержан «Өз елім», кітапхана оқырманы Марфа Глущенко мен жас оқырман Қыстаубаев Абдуррахман көрермен қауымға өлең оқыса, кітапхана қызметкерлері Баймұратова Нүрия «В небо беркут», Нұрлыбаев Мағжан «Еркеле», Гизатулина Наталья, Паздеров Илья «Ландыши», Желудкова Кристина «Туған жер», «Моя земля» әндерін орындап, келген қонақтарды риза етті.
Шараға 63 адам қатысты.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері