News & Events
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ "ЗАҒИП ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАПХАНА" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ > Жаңалықтар > Н. Островский атындағы зағиптар мен көздері нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары мен мұғалімдері келді
Н. Островский атындағы зағиптар мен көздері нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары мен мұғалімдері келді
- 15.03.2022
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Комментариев нет
Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні кітапханаға Н. Островский атындағы зағиптар мен көздері нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары мен мұғалімдері келді.
Келушілерге кітапхана бөлімдері бойынша экскурсия жасалынып, оңалту кабинетінде тифлоқұралдармен, жаңадан қорға келіп түскен бедерлі-графикалық құралдар, нүктелі-бедерлі қаріптегі кітаптар, балалар әдебиеттері, оқу залындағы кітап көрмелері, өнер және спорт әдебиеттері бөліміндегі DVD-караоке, күйтабақ ойнататын құралдар, домбыра, фортепиано аспаптары, түрлі магнитофондар, зағип жандарға арналған бедерлі шахмат, дойбы тастары және тоғызқұмалақ интеллектуалды ойындары таныстырылды.
Барлығы 43 адам.



