News & Events
Ана-өмір, ана-жыр
Барша нәзік жандардың басты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған Ана-өмір, ана-жыр» тақырыбында шара 4 наурыз күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өткізілді.
Мерекелік шараға «Атамұра» халық аспаптар ансамблі, Л. Гумилев атындағы университет магистрі, университет кітапханасының инклюзивті кабинетінің координаторы – Жуашбаева Гүлхая, Қазақ соқырлар қоғамының өкілдері, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері қатысты.
Шараны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының ІІ курс білім алушылары Есаман Айшагүл, Гилимбекова Камила жүргізді.
Шара барысында «Атамұра» халық аспаптар ансамблі Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқым», Сейдолла Бәйтерековтың «Кішкентай» күйлерін орындаса, ансамбльдің әншілері: Умеров Владимир мен Әлімқұлов Арнұр Ілия Жақановтың «Еділ мен Жайық» және Құралай Сәтмұхамбетованың «Елге сапар» әндерін орындады.
Кітапханамыздың белсенді оқырмандары Паздеров Илья, Гизатуллина Наталья, Галибабаев Ильфрат «Поговори со мною мама» әнін, Жуашбаева Гүлхая Гаухар Әлімбекованың «Анаға арнау», Шәмші Қалдаяқовтың «Арыстың жағасында» әндерін орындап көрермендерді өз өнерімен тәнті етсе, кітапхана қызметкері Нұрлыбаев Мағжан Ескендір Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнімен көпшілік қошеметіне бөленді.
Кітапхана директоры Асхат Байузаков мерекелік шара өнерпаздарына «Алғыс хат» табыстады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі