News & Events
Алғыс айту – асыл қасиет
- 02.03.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Алғыс айту – асыл қасиет
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 1 наурыз күні «Алғыс айту – асыл қасиет» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты: Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқырмандардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Алғыс айту күні ынтымағы жарасқан Қазақстандықтар жылына бір күн емес әр таңда бір-біріне, әке мен анаға, аға мен әкпеге, іні мен қарындасқа, ұстазға ризашылығын білдіріп құрмет көрсетеді деп білеміз. Ризашылық күніне арналған кеште кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы барлық қайырымды жандарға, оқырмандарға, әріптестерге және пандемия кезінде қол ұшын берген әрбір Қазақстандық азаматтарға алғыс айтты. Бұл күні мерекелік шараға келген әр ұлт өкілдері ризашылығын білдіріп, соңынан ән жолдады. «Ауылым» әнін кітапхана оқырмандары Наталья Гизатуллина мен Паздеров Илья орындаса, ұйғыр ұлтының атынан кітапхана қызметкері Зарина Абдрахманова және жас оқырман Усманов Фарух қонақтарға арнап өлең оқыды. Алматы облысы Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің «Сүйінбай сазы» ансамблінің әншілері Фариза Досболова «Шағала мұң» әнін, Есболат Нұртай «Анаға» әнін орындап келген қонақтарға қуаныш, шаттық сыйлап, көрермен қауымның көңілін бір көтеріп тастады. Кеш соңында қонақтар әншілерге жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Шараға барлығы 53 оқырман қатысты.
Момбекова Н.А.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері