News & Events
Театрдан бақытын тапқан талант
- 18.02.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Театрдан бақытын тапқан талант
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 18 ақпан күні онлайн форматта КСРО халық әртісі, профессор, аты аңызға айналған театр және кино саласындағы кеңестік қазақ театр және кино актрисасы, көркем сөз шебері Бөкеева Хадиша Бөкейқызының биыл туғанына 105 жыл толуына орай, өмірі мен шығармашылығына арналған «Театрдан бақытын тапқан талант» атты дауыстап оқу сағаты өтті.
Қазақ сахна өнері тарихында бір өзі бір театрға айналған тұлғалар аз емес. Бүгінде туғанына 105 жыл толып отырған Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Хадиша Бөкеева сондай қайталанбас дара шеберлердің бірі. Майталман актриса қазақ сахна өнерін айрықша мазмұнға, рухани-мәдени мағынаға бөлеген ғажайып талант иесі болып театр тарихында мәңгіге бедерленді. Өзінің саналы ғұмырында жасындай жарқылдап, нөсердей төгіп өткен тума дарынның соңында өшпес мұралары қалды. Хадиша Бөкееваның табиғи дарыны мен актерлік шеберлігі қазақ театрының сахнасында небір айшықты бейнелерді дүниеге келтіріп, бірнеше буын көрермендердің мәдени-көркемдік талғамын қалыптастыруға әсер етті. Әлемдік классиканың, орыс және басқа халықтардың таңдаулы шығармаларындағы әр алуан бейнелерді дәл сол елдің таңдаулы шеберлері дәрежесінде сомдай білген талант иесімен, және оның ұлттық кино өнеріне де өз қолтаңбасын қалдырған ешкімге ұқсамайтын, қайталамайтын өшпес мұраларымен таныстырылды. Әрине, актриса мүсіндеген жүзден астам сан түрлі бейнелердің бәрін бірдей қамтып, талдау жасау қыруар уақыт пен ізденісті керек етеді. Дегенмен де, Хадиша Бөкееваның қайталанбас даралығы мен хас талантының үздік көрсеткіші болып қазақ театр тарихының беттеріне алтын әріппен жазылған бастаушы бейнелері айрықша аталды. Ғасырда бір туатын талант иесі Хадиша Бөкеева жасаған ғажайып образдар галереясы әрқашан халық жадында.
Актрисаның туған жерінде музей ашылған, бас көшеге есімі берілген. 2014 жылы актрисаның Орал қаласындағы драма театрына есімі берілген.
Момбекова Н.А.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері