News & Events
«Сахна өнерінің саңлақ сыншысы»
- 21.01.2022
- Posted by: RBNSG
- Category: Видеосабақтар Жаңалықтар
«Сахна өнерінің саңлақ сыншысы»
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 қаңтар күні онлайн форматта Қазақ өнерінің қарымды қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, театр сыншысы, педагог Әшірбек Төребайұлы Сығайдың 75-жылдығына орай «Сахна өнерінің саңлақ сыншысы» атты дауыстап оқу сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: Осы бірегей тұлғаның халық игілігіне қосқан үлесін, бөлім қорындағы әдебиеттер арқылы ұлттық мәдениетіміздің тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру, Әшірбек Төребайұлының Қазақ мәдениетіне, әсіресе қазақ театрына қосқан еңбегін әлеуметтік желі қолданушы оқырмандарымызға насихаттау.
Әшірбек Сығай театр өнеріне қатысты көп еңбек жазған. «Іңкәр шақ», «Сыр сандық», «Сахнаға сапар», «Жарнама алдындағы ой», «Сахна саңлақтары», «Театр тағылымы», «Толғам», «Талдықорған театры» «Ой төрінде театр», «Ән тағдыр», «Актер әлемі», «Сахна әлемі» атты кітаптардың авторы.
Сонымен қатар В.И. Ежовтың «Бұлбұлдар түні», О.Ш. Иоселианидің «Арбаң аударылғанша», Ж.Б. Мольердің «Еріксіз үйлену», К.Гольдонидің «Күлкілі оқиға», Ш.Роквидің «Мазасыз әжей», т.б. шығармаларды аударған. Олар республика театрларында қойылды.
Әшірбек Төребайұлы Сығай өмірінің белестері:
- 1974 — 78 ж. Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театрбөлімінің бастығы,
- 1978 — 79 ж. Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мүшесі,
- 1979 — 83 ж. Қазақстан КП ОК-інің мәдениет белімінде нұсқаушы,
- 1983 — 89 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары,
- 1989 — 91 ж. Алматы театр және кино институтының ректоры,
- 1991 — 94 ж. Қазақстан Мәдениет министрінің 1-орынбасары болып қызмет атқарған.
- 1994 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясындағы өнертану факультетінің профессоры.
- 2003 жылдан Қазақстан Мәдениет, туризм және спорт министрлігінің Алматы каласындағы өкілі болған.
Әшірбек Сығай 1997 ж. Кентау және 2001 ж. Түркістан қаларының, 2014 ж. Түркістан облысының құрметті азаматы.
2000 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2004 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Даржанова Г.Т.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің меңгерушісі