News & Events
Баспасөзді қызықтыратын пресс-релизді қалай жазу керек? Онлайн вебинардың нәтижелері.
- 14.01.2022
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана ұжымы 14 қаңтар сағат 11:00-де Zoom платформасында өңірдегі арнайы кітапханалар қызметкерлеріне біліктілікті жоғарылату мақсатында онлайн вебинар өткізді. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана координациялық-әдістемелік орталық ретінде «Баспасөз хабарламасын дұрыс жазудың 5 қадамы», «Шара өткеннен кейінгі хабарлама жазудың құпиясы» тақырыптарын кеңінен алға тартты.
Вебинар тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Баспасөз хатшыларының негізгі міндеті БАҚ өкілдерімен – оффлайн режимінде, ғаламтор негізінде байланыс орнату. Барлық қажетті ақпаратты уақтылы, шынайы және қатесіз беру өте маңызды. Бұл ретте баспасөз хатшылары өздері өкілдік ететін кітапханалардың оң имиджіне жауапты.
Кітапханада өтетін айтулы оқиғаның алдында баспасөз хатшылары қысқаша ресми хабарлама құрастырып, оны журналистерге жібереді, және де баспасөз хабарламасы олардың негізгі коммуникация құралы болып табылады. Вебинарға қатысушылар спикерлерден үлгілі баспасөз хабарламасын жазу жолдары туралы ақпарат алып қоймай, дайын баспасөз хабарламасын бұқаралық ақпарат құралдарында тарату жолдарын да үйренді.
Шара барысында аталған тақырыптар бойынша кітапханамыздың баспасөз хатшысы, өнертану ғылымдарының магистрі, Түркиядағы Мармара университетінің докторанты — Танаева Фариза Нурланкызының материалдары тыңдалды. Шараға онлайн қосылған қонақтар: 31 телеарна, Информбюро тілшісі — Өмір Серікбекұлы мен Manshuq Media онлайн порталының авторы, журналист — Мухамадиева Қымбат Оралханқызы аталған тақырыптарды егжей-тегжейлі ашық баяндап, мазмұнды мағлұматтар берді.
Вебинарға қатысқан арнайы кітапхана өкілдеріне ақпарат пайдалы болғанына сенімдіміз. Шара қонақтарына шығармашылық табыстар тілеп, шын жүректен алғысымызды айтамыз!
ЗНКААРК
баспасөз хатшысы
Танаева Фариза