News & Events
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты әдеби-сазды кеш
- 13.12.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада 13-ші желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік –ел тұғыры» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кештің мақсаты: Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің жеткен жетістіктерін оқырмандар арасында насихаттау. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш етіп, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімді ояту.
Тәуелсіздік, ол – ұлттық құндылық, оның тамыры — жасампаздық рух, ұраны — ел мен халық.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонағымыз кәсіподақ төрайымы Нұрқалыкова Сәуле Нақыповна оқырмандарды және кітапхана қызметкерлерін Қазақстан Республкасының Тәуелсіздігінін 30 жыллығымен құттыктап, кітапхананың бірнеше қызметкерлеріне естелік төсбелгі және алғыс хаттарды табыстады.
Мерекелік іс-шараға Қаскелен мәдениет колледжінің студенттері мен Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің оқушылары көпшілікке өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Кеш соңында кітапхананың директоры Байузаков Асхат Құсайынұлы оқырмандарды осы айтулы датамен құттықтап, алғыс хаттарды табыстады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі