1991 жылғы 16 желтоқсанда жүздеген ұлт пен ұлыстар мекендеген Ұлы Далада Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» Конституциялық Заңы жарияланды. Құқықтық мемлекет саясат аренасында әлемнің өркениетті елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Елімізде ірі реформалар жүргізіле бастады. Елдігімізді білдіретін Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз белгіленіп, теңгеміз айналысқа түсті. Осылайша жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның даму жолы басталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын!