News & Events
Нүктелі-бедерлі Брайль қаріпіндегі кітаптарды қалай дұрыс шығару керек…
- 30.11.2021
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар Мақалалар мен сұхбаттар
Нүктелі-бедерлі Брайль қаріпіндегі кітаптарды қалай дұрыс шығару керек…
Кез-келген кітап мұқабадан басталады. Одан кейін жайпақ баспа мәтіні бар титулдық бет, одан кейін Брайль қарпімен титулдық парақ беріледі. Олардың арасына қорғаныс парағын салуды ұмытпаңыз. Кітап әсерлі болу үшін Брайль титул парағына жиек қосыңыз. Титул бетіндегі сөздерді буынға бөлмеңіз. Барлық ақпарат анық болу үшін оны беттің ортасына орналастырып, жолдарға дұрыстап бөліңіз. Келесі ақпарат ретінде: кітаптың авторы; атау; жанры (болған жағдайда); Брайль кітап саны (болған жағдайда); басылып шықан жері және жылы жазылады.
Титулдық беттің артқы жағында келесі ақпараттар болуы керек: басып шығарған ұйымның атауы, дереккөз (жайпақ баспа нұсқасын кім шығарған). Егер Брайль басылымы бірінші рет шығарылған жағдайда, Брайль редакторлары және корректорлары, Брайль қағаз саны, есептік баспа қағаз саны, кітап шығарған мекеменің байланыс ақпараты көрсетіледі.
Егер кітап А4 қағазында басылып шығарылған жағдайда, Брайль принтерінің келесі параметрлерін қолдану керек:
- Бір беттегі жолдар саны 26;
- Әр жолдағы таңбалар саны 30;
- Жоғарғы жиектері 1;
- Түптеу жиегі принтер моделіне байланысты;
- Екі жағын басып шығару үшін керекті белгіні қою керек.
Бет номірлеу үшін парақтың тақ бетінің оң жақ жоғарғы бұрышына арап саны қойылады. Егер бір экземпляр Брайль кітабы бірнеше дана кітаптан тұрса, нөмірлеу үшін рим санын қолдану керек. Рим саны беттің жоғарғы сол жақ бұрышына қойылады. Нөмерлерді қолмен енгізіңіз.
Мәтінді өңдеу кезінде азат жол қатардың басында, бір белгіге шегініп басталады. Үтір мен нүктелі үтірден кейін бос орын қалдырмайды. Екі сан сызықшамен бөлінген болса, сызықшадан кейін бос орын қалдырып, сандық белгі қойылады.
Қазақша мәтінде тек бұрышты жақшалар пайдаланылады. «» — «Ә» және «» «Ө» әріптерінің математикалық жақшаларымен бірдей нүктелік белгісі бар екенін еске сақтау керек.
Адамның аты-жөні, тегі бір жолда жазылу керек, сонымен қатар, тегі ғана тасымалданадаы. Мысалы: А.С. Пуш-кин.
Мәтіннің соңында қалған бір қатар ғана келесі бетке өтпеу керек, сондай-ақ, мәтіннің басында бір қатар, беттің соңында қалып қалмауы керек, екі жағдайда да кемінде екі қатар болу керек. Мысалы:
Бөлшек «1/5» – «⠼⠁⠢» белгісін кәдімгі нүктеден айыру үшін алтыншы нүктені қолданыңыз «⠼⠁⠢ ⠠⠲».
Кітап оқу арқылы адамның сауатылығы артады, кез келген қате әсіресе балалар үшін сауатсыздыққа әкеледі.
Лукерья Лоншакова,
«Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын
шығару бөлімінің редакторы