News & Events
Александр Владимирович Селезнев. Ақпараттық сағат есебі
- 23.11.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Видеосабақтар Жаңалықтар
Александр Владимирович Селезнев
Ақпараттық сағат
ЕСЕБІ
«Қазақстан — қазақтар, бұл екі сөз менің жұмысымның, еңбегімнің және міндеттерімнің мәні. Басқаша болуы мүмкін емес»
Александр Селезнев
2021 жылдың 22 қараша күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімі кітапхананың әлеуметтік желілерінде онлайн-режимде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының халық әртісі, Қазақстандағы алғашқы кәсіби балет мектебінің негізін қалаушы Александр Селезневтің туғанына 115 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған ақпараттық сағат өткізілді.
Ақпараттық сағат мақсаты: ұлттық хореографиялық өнерді қолдау және танымал ету, Александр Селезневтың өмірбаянымен, Қазақстандағы хореографиялық білім беру саласындағы шығармашылық жетістіктерімен, педагог-хореографтардың кәсіби қоғамдастығын нығайтудағы жетістіктерімен оқырмандарды таныстыру.
Іс-шара онлайн-режимде өтуіне байланысты оқырмандарға бейнебаян түрінде ұсынылды. Бейнебаянда, Александр Владимирович Селезневтің жалпы өмір жолы, шығармашылығы баяндалып, хореографтың өмірінен алынған естелік суреттер көрсетілді.
Александр Селезнев – Петербургтің тумасы. Ол 1906 жылы 22 қарашада жұмысшы отбасында дүниеге келді, сондықтан оның еңбек өтілі 1917 жылы, яғни 11 жастан басталғандығы таңқаларлық емес. Ол жеткізуші, сатушы және жұмысшы болатын. Қызметкердің жалақысы оған жеке балет студиясына түсуге мүмкіндік берді, ал 1922 жылы 16 жасар бала Ленинград хореографиялық училищесінің кешкі бөлімінде балет өнерімен шұғылдана бастады.
Жиырма төрт жыл бойы мектептің тұрақты көркемдік жетекшісі бола отырып, ол кейіннен балет сахнасының шеберлеріне, ұлттық хореографияның жетекші тұлғаларына айналған жарқын шығармашылық тұлғалардың бірқатарын тәрбиеледі. Оның Қазақстанның балет өнеріне қосқан қомақты үлесі сөзсіз.
Барлық жылдар бойы көркемдік жетекші Селезнев он жеті шығарылымды дайындады. Оның шәкірттері – Қазақстанның хореографиялық өнерінің мақтаныштары, Қазақ ССР-нің халық және еңбек сіңірген әртістері: Д. Абиров, З. Райбаев, Б. Аюханов, С. Көшербаева, И. Манская, Р. Тажиева, А. Асылмұратов, С. Тулусанова, З. Ақбарова, Л. Тағанов, Э. Мальбеков, Г. Ақжанов, Г. Урманова, Ф. Ұлтанбаева, сондай-ақ Л. Сарынова – өнертану ғылымдарының кандидаты, қазақ балет өнерінің алғашқы зерттеушісі, Абай атындағы театрдың орындаушылары Л. Симагина, Т. Васильева, А. Солнцева, Н. Краснова, Н. Заичкина, Л. Воскресенская, Г. Горская, Н. Гудочкина, В. Хен, Х. Базарбаев, М. Мунтин, Т. Мальбекова және басқалары.
А.В. Селезневтің арқасында қаншама шәкірттері балетмейстер және хореографиялық мектептің жетекші оқытушылары атанды. Олар Р. Елшібекова, А. Түлекова, А. Ғабитова, И. Олзоева, Ж. Тастанова, К. Жақыпова, С. Наурызбаева, Р. Күрпешева және басқалары.
А.В. Селезнев ұзақ уақыттан бері біздің ортамызда жоқ. Ол 1961 жылы жол апатынан училище студентін құтқарамын деп, қайғылы жағдайда қайтыс болды.
А.В. Селезнев театрда бір жылға жуық жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қойды, бірақ ол Қазақстанда мәңгілікке қалды. Біздің ел оның тағдырына айналды. Оның тағдыры оңай болған жоқ, бірақ еліміздің балет өнеріне қосқан үлесі мен жемісті шығармашылығы ұрпақ есінде мәңгі қалмақ.
Жұмағалиева Ж.Ж.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері