News & Events
13 қараша — Халықаралық зағиптар күні, француз тифлопедагогы В. Гаюидің туылған күніне орай дауыстап оқу сағатын өткізді
- 11.11.2021
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
13 қараша – Халықаралық зағиптар күні
Қараша айының 11-інші жұлдызында Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімі 13 қараша — Халықаралық зағиптар күні, француз тифлопедагогы В.Гаюидің туылған күніне орай дауыстап оқу сағатын өткізді. Дауыстап оқу сағатына Есік қаласындағы облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының ұстаздары мен оқушылары келіп қатысты.
Шараның мақсаты: келушілерге Халықаралық зағиптар күнінің тарихы мен В.Гаюи туралы қысқаша мағлұмат беру, қоғам назарын көздері көрмейтін және нашар көретін жандарға аударту арқылы олардың өмірін жақсартуға атсалысу, салауатты өмір салтын жүргізуіне арналған жағдайлар қарастыру және келушілерге зағип қызметкерлердің жұмыс орындарын көрсету, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.
Шара барысында халықаралық зағиптар күнінің бастау алу тарихы туралы қазақ және орыс тілдеріндеақпарат берілді, кітапхана бөлімдері бойынша экскурсия жүргізілді, оңалту кабинетінде тифлоқұралдармен, дыбыс жазу студиясы жұмысы барысымен және зағип мамандардың жұмыс орындарымен таныстырылды.
Жазмыштың жазуымен жанарынан айрылған азаматтар аз емес. Әлемді жүрекпен сезетін зағип жандардың қоғаммен қарым-қатынасын жүйелі түрде жасауда зағиптар күнін тойлаудың маңызы ерекше.
Шараға барлығы 20 адам қатысты.
Кітапхана ісін дамыту,
библиография және тифлология бөлімі