News & Events
«Қарттары бар ел – бақытты ел»
- 29.09.2021
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Видеожаңалықтар Жаңалықтар
«Қарттары бар ел – бақытты ел»
2021 жылдың 29 қыркүйек күні — Бүкіләлемдік қарттар күні орай, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімі, әлеуметтік желілерде «Қарттары бар ел – бақытты ел» атты онлайн форматта құттықтау іс-шарасын ұсынды. Мерекеге орай, кітапхана оқырмандары Любовь Тарасованың орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Армысыңдар, адамдар!», Марфа Глущенконың орындауында орыс халқының әні «Верила, верила, верю» атты әндері оқырмандар назарына ұсынылды. Баянда сүйемелдеген Федор Зражевский.
1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Міне, содан бері Қазақстанда 1 қазан қарттар мерекесі тойлануда. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Іс-шараның мақсаты: Кейінгі ұрпаққа қарт адамдардың бізге қандай қымбат екенін еске түсіру, оларға жылу мен көңіл бөлу, олардың көп жылдық өмірлік тәжірибелеріне бас июге үйрету.
Даржанова Г.Т.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің меңгерушісі