News & Events
«Балаларын ойлаған елдің ертеңі нұрлы»
- 29.09.2021
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар Мақалалар мен сұхбаттар
Кітап оқу рухани кемелденудің көзі. Бұл президенттің сөзі. Білімді әрі бәсекеге барынша қабілетті ұрпақты қалыптастыру қазіргі еліміздің басты саясаты, ұстанымдарының бірі. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылы 22 қазанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4 отырысында осы балалармен жасөспірімдердің кітап оқу мәселесіне байланысты мәселе қозғаған болатын. Президентіміздің бұл мәселеде кітапханалардың мәртебесін көтеруге назар аударып еліміздің күш жігерінің бәрін қазақстандық оқырман ұрпақты тәрбиелеуге шақырды. «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жарияланды. Соған орай жас бүлдіршіндеріміздің өсуіне, дамуына және ұлттық мәдениетіміздің насихатталуына және еліміздің болашақ тұлғаларының қалыптасуына кітап игі әсерін тигізеді деп ойлаймын. Кітап оқу дағдысы бала кезден қалыптасады. Баланы кітап оқуға жастайынан баулу керек. Ғаламтордан жылдам ақпарат алып үйренген бала кітап оқуға құмар емес. Ол үшін қысқаша ертегілер және түрлі көркем әдебиеттермен қызықтырған жөн. Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтай әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қарым-қатынастың ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ыбырай Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан.
2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында Алматы қаласындағы «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ балаларды кітапханаға тарту мақсатында (өркениетті заманның электрондық жүйеге ауысуына байланысты) біраз жұмыстар атқарылуда. Жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханада заманауи үрдісімен онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде «Ертегілер әлемі» айдары бағдарламасын ұйымдастырды. Мақсаты: балаларды әдебиетке, кітап оқуға шақыру, яғни баланың бойында рухани байлық ояту. Еліміздің дамуы, келешегі, болашағы, білімді және рухани жағынан дамыған ұрпақтың еншісінде. Қазіргі кітап оқу үрдісін жаңғырту мақсатында балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тәрбиелеу басты мақсатымыз. Кітапханамызда ағымдағы жылы, сәуір айында «Бір ел-бір кітап акциясы аясында» жазушы Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты балалар кітабы таңдалып, кітаптың нүктелі-бедерлі қаріпте және МРЗ аудио нұсқада тұсау кесері болды. Тұсау кесердің құрметті қонағы ретінде кітап авторы Толымбек Сылдырбайұлы қатысты. Сондай-ақ кітапхана тағы бір балалар әдебиеті «Алдаркөсенің хикаялары» атты нүктелі-бедерлі қаріпте және МРЗ аудио нұсқада жаңа кітаппен толықты. Ол биылғы жылдың ерекешілігі деп айтуға болады. Биылғы жыл балалар әдебиеті жылы болып аталып отыр, біз осы жағымды жаңалықты аса қуанышпен қабылдадық. Өйткені әдебиетті оқыған оқырман ертеңгі зиялы қауым. Еліне қызмет ететін, еліне жұмыс жасайтын азаматтарды осы кітап арқылы тәрбиелеуге болады. Қазақ елінің болашағы – балаларымыз бен жастарымыз. Балаларын ойлаған елдің ертеңі нұрлы, шуақты, сәулелі екені айдан анық.
Момбекова Н.А.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері