News & Events
«Ана — тіршіліктің алтын арқауы» атты онлайн әдеби-сазды кеш өтті
- 20.09.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Ана — тіршіліктің алтын арқауы»
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 17-ші жұлдызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана аналар күніне орай «Ана – тіршіліктің алтын арқауы» атты онлайн әдеби-сазды кеш өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, қадірлеуге,
анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы 8 наурыз мерекесін тойлау қарсаңында отбасындағы береке мен мейірімнің ұйытқысы ретіндегі әйелдердің рөліне ерекше баға беріп, қазақстандық аналарға сый көрсету үшін арнайы бір күнді белгілеу идеясын алға тартқан болатын. Елбасы қазақстандық аналарды «үй жұмыстары саябырсып, молшылық кезең болатын» күз мезгілінде құттықтауды ұсынды. Көп уақыт өтпей Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мейрамдар туралы» №3827 жарлығына тиісті өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, елде жаңа мейрам — «Аналар күні» мерекесі тойланатын болды. Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Мерекелік іс – шара жарқын концерттік бағдарламамен өтті. Алатау дәстүрлі өнер театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету бөлімінің әншісі Жақанбаев Думан «Анашым», «Сәби көңіл» атты әсем әндерімен, кітапхана оқырманы Нұрлыбаев Мағжан «Ана туралы жыр», кітапхана қызметкері Баймұратова Нүрия «Аяулы ана», кітапхана оқырманы Паздеров Илья, Гизатулина Наталья «Поговори со мною, мама» әнін орындап, авторы ақын Андрей Дементьевтің «Мама» атты өлеңін Гизатулина Наталья оқып, оқырмандарға, оның ішінде аяулы аналарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Момбекова Н.А.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері