News & Events
Қазіргі арнайы кітапхананың әлеуметтік-мәдени, білім беру оңалту қызметі
- 15.09.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Қазіргі арнайы кітапхананың әлеуметтік-мәдени, білім беру оңалту қызметі
«Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы керек» деген Елбасы Жолдауындағы басты міндетті назарға ала, арнайы кітапханамыз ерекше қажеттілігі жандардың әлеуметтік-мәдени оңалуы мен тұлға ретінде дамуларына зор ықпал етіп келеді.
Қоғам үшін барлық адам бірдей болғанымен, біздің қоғамда мүгедектерді қолдау, оңалту, бейімдеу шаралары өзекті мәселеге айналуда. Біздің кітапханада мүмкіндігі шектеулі 3 маман өзгелермен тең дәрежеде қызмет істеп, әлеуметтік қолдауға ие болып отыр.
Кітапханамыз — мүгедектерді қоғамнан оқшаулайтын кедергілерді жойып, зағип пайдаланушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болуына зағиптарға қолайлы жағдай тудыруды, сондай –ақ, ақпарат көздерін кең ауқымда ұсынып, негізгі әлеуметтік шектеулер мен ақпараттық теңсіздікті жойып, айналадағы ортамен толыққанды жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыруды қолға алу көздеп отыр.
Ақпараттық технологияларға қолжетімдікті қамтасыз етіп, пайдаланушыларға қолдау беретін бейімдеу, оңалту орталығы саналады.
Әлеуметтік құбылыс ретінде мүгедектіктің өзі қазіргі заманның өзекті мәселесі болып табылады. Бұл халықтың мүгедектер – мүмкіндігі шектеулі адамдар сияқты санатының пайда болуына әкеледі. Өмірдің шектелуі адамның қалыпты жұмыс істеу қабілеті мен мүмкіндіктерін толық немесе ішінара жоғалтуымен көрінеді.
Мүгедектердің «ерекше» қажеттіліктерінің ең типтік түрлері:
— қызметтің әртүрлі түрлеріне бұзылған қабілеттерін қалпына келтіру (өтемақы) (әлеуметтік оңалту);
— қозғалу мүмкіндігі;
— басқа адамдармен сөйлесуі;
Қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкін еместігі мүгедектердің әртүрлі салалардағы көптеген мәселелер тудырады.
Қазіргі жағдайда бірнеше өткір проблемаларды бөліп көрсетуге болады: 1) әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар, 2) психологиялық проблемалар, 3) білім алу проблемалары және 4) жұмысқа орналасу проблемалары.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ оларды қазіргі қоғамда неғұрлым ыңғайлы болу үшін мүгедектердің проблемаларын зерттеу қажет.
1) мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық проблемалары олардың қоғамдағы өмір жағдайларына бейімделу мүмкіндігімен байланысты.
- Өзіне-өзі қызмет көрсету функцияларын шектеу.
- Сондай-ақ, мүгедектермен мәдени-тынығу жұмысы
Бос уақытты адамның саналы және бағытталған қызметі деп түсіну әдетке айналады, онда өзінің жеке басын және әлеуметтік шындықты білу қажеттіліктері қанағаттандырылады, нәтижесінде өзін-өзі көрсету және жеке мүдделерін қанағаттандыру қабілеті артады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірінде әлеуметтік-мәдени иеліктен шығару бар, ол адамның әлеуметтік байланыстарының санына емес, олардың сапасына байланысты. Мүгедектерге қатысты әлеуметтік-мәдени иеліктен шығару мәселесі өте күрделі.
Осыған орай, мемлекеттік қызметтегі бұл жандардың жеке қабілеттері мен көпшілік ортаға бейімделуіне біз жас кітапханашылар өз тарапымыздан ат салысуымыз қажет деп ойлаймын.
Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны сезу, есту, көру бағдарлары бар тифлокешендермен жабдықталады, олар жұмыс орнындағы бағдар жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған байланысты тифлоорталық мүмкіндігі шектеулі пайдаланушыларға арналған 3 автоматтандырылған жұмыс орнымен жабдықталған. Өкініштісі, бүгінгі таңда пайдаланушылардың автоматтандырылған жұмыс орындары жеткілікті түрде жабдықталмаған: мысалы бізде 2 қызметкерге арналған бір портативті тактильді Брайль дисплейі бар. Сөйлеу синтезін қолдайтын экрандық қолжетімділік бағдарламалық жасақтама техникалық ескіргенін айта кетсек, әзірше жаңарту мүмкіндігіміз жоқ. Осыған байланысты зағиптарды толыққанды автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз ете алмауымыз ең маңызды мәселеге айналуда.
Атап айтсам кітапханамызда келесі мамандандырылған құрал-жабдықтар жетіспейді:
Брайль дисплейі;
оқу машинасы;
зағиптардың кеңістікте бағдарлануына арналған магниттік құрылғы;
Брайль және жазықбаспалы әліпбидегі пластикалық тақта;
жазықбаспалы мәтінді электронды нұсқаға айналдыратын JAWS дыбысты бағдарламасы арқылы оқуға мүмкіндік беретін сканерлер.
Кітапханалар жұмысына компьютерлік технологияларды енгізу ақпаратқа тиімді және кедергісіз қолжеткізуді ұсынудың қатаң талабы болып табылатындықтан, осы құрылғылармен толық жабдықталсақ, зағиптарды оңалту жұмыстары толық жүзеге асар еді.
Осы орайда қызметкерлер мен ерекше қажеттіліктері бар пайдаланушылардың тиісті жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешіп, тифлокешеннің құрамына кіретін мамандандырылған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуге қолжеткізу керектігіне назар аударғым келеді.
Осылай, пайдаланушыларға арналған тифлоқұралдар жетіспейтіндіктен интернет-ресурстарға толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз ете алмаймыз. Ақпаратқа тиімді және кедергісіз қолжеткізуді қамтамасыз етудің қатаң талабы ретінде кітапхана жұмысына компьютерлік технологияларды енгізу маңызды деп ойлаймын.
Оқу курстарымен қатар, осындай Брайль жүйесі бойынша басылымдарды танымал ететін іс-шаралардың пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыруда ерекше орын алады. Бедерлі-нүктелі қаріпті әдебиеттер біздің оқырмандарымызға қарым-қатынас пен оқыту құралы ретінде аса қажет, себебі олар Брайль жүйесі бойынша сауат ашады. Сондықтан да толықтыруға бөлінген ағымдағы бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіз шамасы кітапхана қызметіндегі басты мәселелеге айналуда. Осы айтқанға байланысты Брайльдік басылымдарды шығаратын типографияларға да қойылатын талаптарымыз бар. Қазіргі шығарылып жатқан бедерлі-нүктелі қаріпті басылымдар жұқа түптеуде шығарылаты көңілден шықпайды. Бұл басылымдар оқуға ыңғайсыз, түбі түптелмей, қағазы да жұқа болғандықтан, кітап сөрелерінде дұрыс орналаспай, қолайсыздық тудырады. Осының салдарынан қағаздары жыртылып, ұзақ сақталмайды. Брайльдік басылымдардың талапқа сай шығарылмауы да өзекті мәселеге айналуда. Қазақ тіліндегі Брайль қарпі бойынша басылымдар жетіспейтіндіктен, кітапханамыздағы Брайль принтерін пайдаланып, тифлобасылымдарды жарыққа шығарудамыз.
Бастысы бөгетсіз орта тудыру үшін қоғамныӊ мүгедектерге деген қарым қатынасын жақсарту керек, яғни қоғамды өзгертуден бастау керек сияқты. Қоғамда мүгедектердің қоғамдық орындарға қолжетімділігін қамтамасыз етуде кітапханамыз арнайы мекемелермен ынтымақтастық орнатып, бекітілген меморандумдар аясында айтарлықтай іс-шаралар атқарып келеді. Атап айтсақ, облысымызда алғаш рет Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейімен бейімделген, 2 кезеңнен тұрған «Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!» атты көрме-экспозициясы зағип жандардың тарихи жәдігерле рмен таныстырап, рухани байыта түсті.
1 кезең
Қамтылды – 60 адам
2 кезең
Қамтылды – 100 адам.
Бұл іс-шараны өткізуде қаламыздағы мәдени ошақтардың зағип жандарға арнайы қызмет көрстеуге әлі де дайын еместігін көрсетті. Көптеген қоғамдық орындарда бүгінге дейін тифлотүсініктемелі ақпараттар берілмейді, берілген ақпаратты Брайль қарпі бойынша сүйемелдеу жоқ.
Толыққанды оңалту мен бейімделу шаралары ойдағыдай іске аспаған деуге болады. Мүгедектердің емін-еркін қозғалуы үшін барлық нысандар мен мекемелер осындай басты талаптарға сай келіп, бейімделмеген. Көптеген қоғамдық орындарда пандус тік орнатылған, бұл қолайсыздық тудырады. Осының бәрі кедергісіз орта тудыруда кесірін тигізеді.
Зағиптар өз беттерімен жүріп-тұра алмағандықтан, қаламыздағы көрікті жерлермен танысып, мәдени орындар мен ескерткіштермен таныса алмайды. Осы орайда «Сарыарқа – сүйікті өлкем» жобасы аясында кітапхана мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасындағы меморандум шеңберінде 3Д макеттер дайындалды. Пайдаланушыларды ескерткіштер мен мәдениет орындарының макеттерімен алдағы уақытта тактильді таныстыру жүзеге асырылады.
Осылайша қоғамның осал топтарын әлеуметтік қорғауға қоғам назарын аудару керек деп, жас маман ретінде арнайы кітапхананы оңалту, әлеуметтену, білім алу, демалу орталығына айналдыруды ұсынамын.
Сонымен қатар, мені жас маман ретінде арнайы кітапханалардағы штаттарда реабилитациялық мамандарының — тифлопедагогтарының тапшылығы алаңдатады.