News & Events
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және аймақтық арнайы кітапханалардың даму жылдары»
- 15.09.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және аймақтық арнайы кітапханалардың даму жылдары»
Баяндама
2021ж .Қазақстан халқы тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. 3-мыңжылдықтың ұлттық мүдделері мен сын-қатерлеріне сәйкес келетін қазіргі заманғы типтегі Қазақстан мемлекеттілігі 1990-2020 жылдары қалыптасты. Бұл аса маңызды кезеңнің тарихи маңызы осы онжылдықтарда заманауи мемлекеттің негізін қалаушы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан бастап нақты мемлекеттік егемендікке жету жолында оң шешімдер қабылдады.Тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет, толыққанды қатысушы, әлемдік саясаттың субъектісі Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді.Қазақстан Ресей Федерациясымен,Қырғызстанмен,Түркменстанмен,Өзбекстанмен және Қытаймен шектеседі.1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері:Тәуелсіздік пен мемлемкеттіліктің ерекше белгісі ретінде елтаңба,ту және әнұран қабылданды.Қазақстан Республикасы президентінің 1993жылы 24 қазандағы жарлығымен ұлттық валюта-теңге Қазақстан Республикасы аймағында айналымға енгізілді.Алғашқы мемлекеттік акт-«Қазақстан Республикасы мемлекеттік егемендігі туралы дикларация» болып табылады. 1993 жылы 28 қазанда Қазақстанның тұңғыш конституциясы қабылданды.1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп оған қатысқсн азаматтардың барлығы дерлік жаңа конституцияға дауыс берді. Егемен Қазақстан демократиялық, зайырлы әлеуметтік құқықтық және унитарлық мемлекет болып жарияланды. Ол үшін адам, оның өмірі, құқықтары,бостандықтары басты құндылық болып табылады. Ел тәуелсіздігі
Қазақстан халқының нағыз рухани жаңғыруына бұрын- соңды болмаған мүмкіндіктер ашты.Ғасырлар мен ондаған жылдар бойы ұмытылған тұлғалардың есімдерімен жәдігерлері оралды.Мемлекеттік қазақ тілі қайта жанданды.Осы кезеңде республикада тарихты еске алу шаралары, қазақтың ұлы билері – Төле би,Қазыбек би, Айтеке би,қуғынға ұшыраған қайраткерлер Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сияқты қөрнекті тұлғаларды еске алып, құрмет көрсету шараларының тәжі 2020 жылы ақын, ұлы ойшыл қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтің 175-жылдығы, даңқты ойшыл Әл- Фарабидің 1150-жылдығы, Алтын Орданың 750-жылдығы атап өтілді.
Қаншама сынақтармен небір қиындықтарға төтеп берген біздің қазақстан бүгінде аяғынан нық тұрып болашаққа сеніммен қарайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 30 жыл ішінде Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы бөлімде оқырмандарға сапалы қызмет көрсетіп, қажеттіліктерін тауып беруге, пайдалы ақпараттар ұсынуға толық мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінгі дамыған заманда адаммен кітапті байланыстыратын алтын көпір — кітапхана.Ал ерекше жандармен байланыстыратын арнаулы кітапхананың орны бөлек. Кітапхана – оқырманның рухани талап – тілегін қанағаттандырып әлемдік, ұлттық, ақпарат көздерін жинақтап, оқырманға жеткізуші. Біздің арнаулы бөлімде көзі көрмейтін зағип оқырмандар үшін нүтелі – бедерлі Брайль жүйесіндегі әр түрлі әлемдік, отандық әдебиеттер, спорт, музыка тағы басқада саладағы кітаптар, дыбыстандырылған аудио кітаптар және газет – журналдардағы материалдарды оқу үшін арнайы кітап оқу машинасы құрылған. Ал көзі нашар көретін оқырмандарға жәйпақ баспадағы әдебиеттік кітаптар газет – журналдарды оқу үшін электронды ұлғайтқыш құрылғы, қалталы линза, ұлғайтқыш әйнек қолдануға кеңес беріледі. Оқырмандарымыздың таным көкжиегін кеңейту аясында олар сұраған ақпараттарды флеш картаға құю арқылы тифлофлешплейрді қолдануына рұқсат етіледі. Арнаулы бөлімде оқырмандардың әдебиетке қызушылығын арттыру мақсатында «Туған жерге тағзым», «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша оқырмандармен кездесу өткіземіз. Кездесуде ақын жазушылармен оның шығармашылығы толық таныстырылған соң, оқырмандар көкейіндегі сұрақтарын қойып өз ойларымен бөліседі. Солардың бірі 2020 жылы 17 тамызда Қазақ халқының жазушысы Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдық мерей тойына орай кітап көрмесімен жазушының өмірі және еңбектері туралы ақпарат оқырман назарына ұсынылды. Кітап көрмесінде жазушының көпшңлікке арналған жәйпақ баспа әдебиеттермен қатар, біздің оқырмандарға ыңғайлы электронды таспа және кассетаға жазылған әдебиеттерде ұсынылды. «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша батыр әрі ақын Махамбет Өтемісұлы туралы ақпараттық сағатта оқырманды керемет әсерге бөледі.
Арнаулы бөлімімізде әдебиетті насихаттаумен бірге жастарды шығармашылыққа жетелеу мақсатында өткен жылы қазан айы қайырымдылық айына орай өнерпаздардың шығармашылық кеші болып өтті. 2020 жылы қарашада табиғатты аялап, әсемдікті сезіне білуге, салауатты өмір салтын ұстанып бос уақыттарын тиімді өткізу және шығармашылық қабілеттерін арттыру аясында қоғам жастарымен «Күз сйы» атты танымдық кеш өтті. Кеште жастар күз мезгілінің көрінісін көрсетіп, ән айтып жыр оқып жұмбақ жасырып уақыттарын тиіді өткізді. Биылғы жылы 10 тамыз Абай күніне арнап ұлы ойшыл қазақ ақыны Абай Құнанбаевты насихаттауда әдеби кеш болды.Өнерпаздар ақынның қара сөздерін оқып, жырдан шашу шашып әндерін шырқады.
Арнаулы кітапханада Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік нұрландырған — Қазақстан» атты кітап көрмесі жасақталды.Бұл көрме төрт бөлімді құрайды:
1-бөлім.Ел тәуелсіздігін айындайтын жәйпақ баспадағы әдебиеттер;
2-бөлім.Еліміздің төл мәдениетін, тарихын, ұлттық өнерін дәріптейтін әдебиеттер;
3-бөлім.Нүктелі-бедерлі Брайль жүйесінде жазылған «Ұлы даланың жеті қыры» , «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» сынды кітаптар.
4-бөлім.Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген көркем әдебиеттер орналастырылды. Арнаулы бөлімнің келесі кітап көрмесі Абай мұрасын оқырмандарға кең таныстыру мақсатында «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты көрмесі, сонымен қатар « Атырау өңірлік әдебиеттер »
және зағип оқырмандар үшін « Саусақ ұшындағы әлем» атты нүктелі – бедерлі Брайль жүйесіндегі кітаптар, тифло құралдар қойылды.
Жастардың сауатын, ой-өрісін нығайту үшін арнаулы бөлім жанынан Брайльша сауат ашу үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл үйірмеде зағип жандар, кеңістікте еркін жүруді айналамен қарым – қатынас жасауды үйренеді.
Қорытындылай келе «Жақсы кітап – жан азығы» демекші, қазіргі таңда зағип және нашар көретін оқырмандарымыз арнаулы бөлімде кітап оқу мен қатар, әр уақытта өткізілетін іс- шараға белсенді атсалысуда. Олар жас ерекшеліктеріне қарамастан кітапты талғаммен, зор ықыласпен сүйіп оқиды. Алдағы уақыттада кітапқа құмар білімге құштар оқырмандарымыз көп болсын!