News & Events
«Тең құқықтар және тең мүмкіндіктер: жаңа технологиялар дәуіріндегі зағип оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету және ақпараттық ресурстар баяндамасы
- 15.09.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Армысыздар құрметті әріптестер!
Сіздерді, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының 50 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.
«Арнайы кітапханалардың дамуындағы жаңа үрдістер» атты халықаралық конференцияға қош келдіңіздер! Мен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Бекетаева Айгерім Өмірбайқызы «Тең құқықтар және тең мүмкіндіктер: жаңа технологиялар дәуіріндегі зағип оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету және ақпараттық ресурстар баяндамасын назарларыңызға ұсынамын.
Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады. Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.
Арнайы кітапхана оқырмандардың рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылатындықтан оқырманға жан-жақты қызмет көрсету мен көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға олардың отбасы мүшелеріне және басқа санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандарға ұлттық рухани құндылықтар мен әлем мәдениетін тарату, білім беру, мәдени-рухани сауықтыра отырып, бос уақытын тиімді өткізу орталығы ретінде арнайы кітапхананы мейірім мен жылу шаңырағына айналдыру біздің басты мақсатымыз.
Кітапхана ерекше топтағы жандар үшін қарым-қатынас және ақпараттық рухани орталығына айналды. Арнайы кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы кітапханалық қызмет көрсетумен қатар, кітапханалық жобалар мен бағдарламалар жұмысы жүргізілуде.Тифлология бөлімінде Брайль жүйесі бойынша оқу және жазуға үйрететін «Брайлист», «Зағип және компьютер» үйірмелері және «Өнерлінің қолы алтын», «Ерекше балаларға –Ерекше кітаптар» атты жобалар жұмысын атқаруда.
1 Атап айтар болсақ «Брайлист» үйірмесі — жаңадан көз жанарынан айырылып, күйзеліске ұшыраған және басқа да зағип жандарды өз бетінше алты нүктелі «Брайль» қәрпімен оқып жазуды үйретіп, көз нұрынан айырылған жандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында кітапханамыздың қызметкері I топ көз мүгедегі Қаратаева Жұлдыз оқырмандарды үйірмеге оқытып үйретеді. Қазіргі таңда үйірмеде 15 оқырман оқуда.
2 «Зағип және компьютер» үйірмесінің мақсаты арнайы Djos бағдарламада ынталы зағип оқырмандармен сабақ жүргізіп зағип оқырмандарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету. Үйірме оқытушысы I топ көз мүгедегі кітапханашы Бегимов Ербол оқырмандардың сауаттылығын ашып, компьютермен қалай жұмыс жасау керектігін үйретіп, қазіргі таңда 7 оқырманды үйірмеде оқытуда.
«Ерекше балаларға- Ерекше кітаптар» жобасының мақсаты көзі көрмейтін және әлсіз көретін балаларға өсу ерекшелеріне қарай саусақ ұшымен ұстап сезіну мақсатында өзіне тиімді құралдар арқылы айналадағы өмірге бейімделуге көмектесу, білімін толықтыру, ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ету, көру қабілеті нашар және баска да мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындагы балаларга арналган тактильді кітаптарды жасап, оқырмандарға ұсынады.
Сонымен қатар «Тiflo-Асхана» жобасы көру қабілеті нашар азаматтарды кедергісіз әлеуметтік ортаға тарту, аспаздық дағдыларды үйрету арқылы оңалту және бейімдеу, дыбыс бойынша түрлі тұрмыстық аспаптарды анықтау, ас үйде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, пеште тағамды қуыру және пісіру, асты көруді бақыламай-ақ дайындау,өз бетінше азық-түлік сатып алуға бейімдеу мақсатында ас үйді пайдалану және тамақ дайындау дағдыларын дамыту. Әр шара соңында біздің мақсатымыз кітапхана қорында бар аспаздық тақырыптағы кітаптарды оқырмандар назарына ұсынып,таныстыру. Сондай ақ әр шарамыз мерзімді басылымдар мен ақпарат беттерінде және телеарналарда көрсетіліп тұрады.
Екінші ірі жобамыздың бірі «Тiflo-Кино» жобасы — мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық ортаға бейімдеу, және зағип оқырмандарға арналған тифлопікірі бар киноларға мультфилімдерге қолжетімділікті арттыру, көз жанары мүлде көрмейтін жандарға және көз шырағының сәулесі ерте сөнген бүлдіршіндерімізге сәлде болса еліміздің киностудия, театрларындағы спектакльдерді және отандық фильмдерді көріп отырғандай сезімде болу мақсатында зағип жандар экраннан көрсетіліп жатқан кино немесе видео сюжеттердегі болып жатқан әрбір іс-қимыл, адамдардың қас-қабағындағы эмоцияларын тифлокаментарий яғни киноның іс қимылдарын дыбыстап өңдеп оқырмандар назарына ұсынып отырады. Қазіргі уақытта Кітапхана оқырмандар назарына кино және мультфилімдер ұсынып, зағип оқырмандар және көз нұрынан ерте айырылған бүлдіршіндер шара соңында өз әсерлерімен бөлісіп, оларға бұл жоба қатты ұнағанын айтып керемет әсер алғандарын жеткізіп отыр.
Сонымен қатар үшінші жобамыз «Тифломузей» жобасы аясында халқымыздың тарихын, мәдениетін суреттеген қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көру қабілеті әлсіз және нашар көретін азаматтарға таныстырып, туындыны қолдарымен ұстап, сезіну арқылы ой өрісін дамытып, қоғам көшінен кеш қалдырмау мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдардың жетістіктері» және «Конституция-келешек кепілі» атты қызықты эксурсия сабақтары өткізіліп отырады. Кітапхана қызметкерлері әрбір сурет туындыларын қолмен сипап сезінулеріне өз көмектерін беру арқылы оқырмандар жүрегіне жылу сыйлайды. Сондай-ақ, зағип оқырмандар арнайы бедерлі графикалық көрсеткіште жасалған тарихи таңбалар мен теңіз асты әлемін бейнелейтін көркем тифло туындылармен танысып, тифло-музейдегі қолөнер шеберлерінің жұмыстарын қолмен ұстап көзбен көргендей әсер алғандықтарын айтып, ризашылықтарын білдіріп отырады.
Кітапхана, XXI ғасыр ақпараттық кезең болғандықтан,оқырмандардың кез келген сұраныстарына төтеп беріп, зағип және нашар көретін оқырмандардың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің сұраныстарын қанағаттандыру және кітапхананың электрондық қорын құру мақсатында дыбыс жазу студиясын ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Кітапхана Брайль алты нүктесі дагсбари бағдарламасымен жұмыс жасайды. Кітапхана 2015-2021 жылдар аралығында 1276 дана кітапты жарыққа шығарса оның 13 атауы жергілікті ақын жазушыларымыздың кітаптары. Кітапханамызда 2009 жылға дейін 3 адам қызмет жасаса, қазіргі таңда 22 адамға жетті. Оның ішінде 5-уі мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Олар кітапханадағы түрлі мәдени іс-шараларға қатысып үлкен жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ, I- топ көз мүгедегі
Бегимов Ербол Аққайұлы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV-ші республикалық «Рухани қазына – 2021» министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына – 2021» атты фестиваліне қатысып, Облыстық кітапханалар арасында «Ең үздік кітапханашы» наминациясын жеңіп алды. Сонымен қатар облыстық Арнайы кітапханалар арасында өткен кітап байқауларында жүлделі III орынды 2 мәрте иеленді.Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері түрлі байқауларға қатысып, М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай мәдениет саласының қызметкерлері арасында өткзілген «Мұқағали оқулары» атты байқауда Гүлнұр Құрақбай бас жүлдені жеңіп алса, «Қазақстанның ядролық трагедиясы» атты республикалық байқауда Шоңмырзаева Қарлығаш жүлделі 3 орынды иеленді.
Қазіргі таңда кітапхананың жалпы кітап қоры 39025 дана,
БНШ – Бедерлі-нүктелі әдебиеттер — 4903 Дыбыстандырылған әдебиеттер-6000 аса
Жыл бойына 2000 мыңнан аса жаңа оқырмандарға қызмет көрсетіліп,
жыл сайын 81 астам атаулы газет-журналдар ұсынылып отырады.
Кітапхана 2020 жылдан бері, Ресейдің «Логос» онлайн кітапханасының жұмысын кітапхана тәжірбиесіне еңгізіп арнайы кітапханаға тіркелу арқылы зағип оқырмандар әлем кітаптарын оқу мүмкіндігіне ие болды.
Арнайы кітапханамызда кітапты отбасымен бірлесе оқитын, іс-шараға белсенді қатысып отыратын оқырмандарымыз бар. Оларды «Отбасылық оқырман» деген атпен бөлек есепке аламыз. Кітапханамыздың ең белсенді оқырмандары да осы отбасылық оқырмандарымыз. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларын қоғамға бейімдеу, бедерлі нүктелі қаріптерді, Брайль әдебиеттерін оқуға насихаттау мақсатында отбасылық сайыстаржәне байқаулар жыл сайын өткізіліп тұрады. Кітапхана оқырмандарымен тығыз қарым қатынас орнатып,мәдени көпшілік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жыл бойына 72 іс шара жоспарлап, барлығын карантин режимін сақтай отырып, онлайн түрде 50 және офлайн түрде 22 іс шара уақытысында өткізіп, барлық іс шараға 376059 қаралым санын жинады.
Кітапхана оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырып,әлемдік, ұлттық,ақпарат көздерін толық жинақтап мүмкіндігі шектеулі зағип жандар уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «Дәрігерлердің қабылдауы», «Зейнетақының аударылуы », «Сотталған болуы немесе сотталмағаны туралы», «Психикалық денсаулық орталығынан» және «Наркология денсаулық орталығынан » керекті анықтамалырын кітапханадағы бағдарламашы қызметкерлерінен керекті қағаздарын Egov.kz қызметі арқылы шығарып ала алады.
Құрметті әріптестер!
«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың 50 жылдық мерейтойымен сіздерді тағы құттықтай отырып, Алдағы уақытта халық игілігі үшін арнайы кітапхана саласын дамытуда және ерекше оқырмандарымыздың кез-келген ақпаратқа қолжетімділігін қамтамассыз етуде атқарып жатқан қызметтеріңізге алғыс білдіре отырып, еңбектеріңізге зор табыс,шығармашылық ізденістер мен сәттіліктер тілейміз! Назар аударып, тыңдағандарыңызға көп рахмет!