News & Events
Ұлттық тілдерде кітап қорларын ұйымдастыру сақтау және тарату
- 15.09.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Тақырыбы: «Ұлттық тілдерде кітап қорларын ұйымдастыру сақтау және тарату.»
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай баршаларыңызды тәуелсіздіктің мерейлі жасымен құттықтаймын! Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты-азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!
Мен Нұрланов Рауан Әуесбекұлы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы «зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің қызметкерімін.
Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, зағип оқырмандардың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Оқырмандарды кітапхананы пайдалану ережелерімен, қордың орналасуымен, кітаптың құрылымымен және рәсімделуімен таныстыру, анықтамалық басылымдармен жұмыс жасау Кітап қорларын ұйымдастыру.Бұл жұмыс кітапханашының жұмыс уақытының басым бөлігін алады.Қормен жұмыс жасау (кітап қорын орналастыру, қорды тазалау бойынша жұмыс, ескірген, тозған және жоғалған әдебиетті есептен шығару);Қорды тексеруді ұйымдастыру; Мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеу; Кітапхананың санитарлық күндерін ұйымдастыру; Түгендеу.Қорды құрудың тікелей (бастан-аяқ) әрі аса жауапты үдерісі кітапхана қорын жинақтау, яғни мазмұны жағынан кітапхананың білім беру, тәрбиелеу, ақпарат функцияларына жауап беретін әдебиеттер анықтау мен іріктеудің мақсатты үдерісі болып табылады. Қорды жинақтаудың негізділігі, яғни нарық қатынастарына өту кезінде құжаттарды іріктеудің негізділігі, ол жинақтауға маркетингтік тәсілді қолданудан байқалады.Маркетинг тәсілі – қорды жинақтау мақсатында кітапхананың сыртқы және ішкі ортасын жүйелі, мүмкіндігінше толық және тәуелсіз ұдайы зерделеу. Кітапхананың ішкі ортасы оқырмандардың қанағаттандырылған және қанағаттандырылмаған сұраныстарымен, кітапхана жұмысы туралы статистикалық деректермен, қаржы қаражаттарының бөлінуі мен жұмсалуы туралы деректермен, кітапхананың ағымдағы және алдыңғы жылдарғы жұмысының салыстырмалы талдауы деректерімен анықталады. Қордың физикалық жағдайын және дұрыс орналасу тәртібін бақылау үнемі, ішкі жұмыс сағаттарында және санитариялық күндерде жүргізіліп. Кітапхананың кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құжаттарды жиынтық және жеке есепке алу жүзеге асырылады. Кітапхана құжаттарды қалпына келтіру және ағымды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Құжаттарға тағайындалған түгендеу нөмірлерін өзгертуге және түзетуге тыйым салынады. Кітапхана қорларының сақталуына материалдық жауапты тұлға ауысқан, құжаттардың жеткіліксіздігі фактілері анықталған, кітапхана қайта құрылған және таратылған жағдайларда кітапхана қорында салыстыру жүргіземіз.Осы қағидаларды ұстана отырып кітапхана ісін жүргізіудеміз.
Қазіргі таңда біздің оқырман санымыз 1428, оның ішінде 271-і I- топ көз мүгедектері II-III-топта 172 адамды құрайды. Біздің кітап қорымыз 30206 дана, оның ішінде зағиптарға арналған кітаптарымыз 6456 данадан дыбысталған аудио кітаптармыз 3340 данадан тұрады. Кітапханада қазіргі таңда тифлоқұрылғыларымыз Брайль жүйесі бойынша компьютеріміз бар. Оның ішінде сканерлеп және дауыстап оқитын SARE CЕ машинкасы, тифлофлешплер, тифломагнитофон және Аv3715 бағдарламасы бойынша ресей кітапханасынан интернет желісі арқылы қамтып отырмыз.Біздің бөлімде зағип жандарға үйге қызмет жасауда. 25 отбасылық оқырмандарымыз бар. Әрдайым осы оқырмандарымызға қызмет көрсетіп тұрамыз.Биыл балалар жылына орай біздің қорда «Жетісу өңірінің –Аңыз әңгімелері» атты және басқа да жаңа кітап басылып шықты. Ол кітапты кез-келген оқырмандарымыз QR-CODE арқылы ұялы телефонмен кіріп сол жерлегі әңгімелерді тыңдай алады.Одан басқа белгілі зағип ақын жазушы Ербек Бакиевтің Тағлырыма тәнтімін атты кітабы қорымызда бар.