News & Events
Отбасы күніне дайындаған кітапхана оқырмандарының концерттік бағдарламасы
- 09.09.2021
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Видеожаңалықтар Жаңалықтар Оқырмандар шығармашылығы
Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы
Ағымдағы жылдың 9-шы қыркүйегінде кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі онлайн форматта дайындаған Отбасы күніне арналған Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы атты іс-шараны ұсынады.
Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқырмандардың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Отбасы күні Қазақстанда 2013 жылдан бері атап өтілуде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылдың
1 наурыздағы №511 Жарлығына сәйкес, елімізде Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісіне бекітілген. Меркенің басты мақсаты — қоғамда жанұялық құндылықтарды, имандылық пен руханиятты нығайту.
Отбасын – кішігірім Отанға теңейміз. Отанның өзі отбасынан басталады дейміз. Ал отбасылық бақыт болса – ол бақыттың шыңында тұратыны белгілі. Бақытқа толы болған отбасы әрқашанда қоғамда ерекшеленіп, өзгелері үлгі тұтатындай санатқа жетеді. Ерекшелігі деп ол отбасылардың татулығын, айналаға деген сансыз махаббаттарың, барша адамға деген риясыз сыйластығың, қоғамға тигізген қажырлы үлесің айта аламыз.
Іс-шара барысында Отбасы күніне дайындаған кітапхана оқырмандарының концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынамыз.