News & Events
«Ата Заң – ұлт тірегі»
- 25.08.2021
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
«Ата Заң – ұлт тірегі»
Ағымдағы жылдың тамыз айының 25-де кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі 30-тамыз Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне «Ата Заң – ұлт тірегі» атты тақырыпта онлайн форматтағы мерекелік бейне көрсетілімді ұсынады.
1995 жылы тамыз айының 30 күні Тәуелсіз ел – Қазақстан Республикасының Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Сондықтанда, 30-шы тамыз қазақстандықтар үшін мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ, «Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң болып табылады»,- деген болатын.
Іс-шараның мақсаты — оқырмандардың Ата Заң турасында білімдерін кеңейту, оларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы тарихы мен оқырмандарымыздың мерекелік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі