News & Events
Халықаралық шахмат күніне орай
- 27.07.2021
- Posted by: blindlib blindlib_kz
- Category: Жаңалықтар
Халықаралық шахмат күніне орай
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана Бүкіләлемдік шахмат күніне орай көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахмат бойынша турнир өткізді. Бұл шын мәнінде дәстүрге айналды. Ағымдағы жыл да игі шара жалғасын тапты.
2021 жылдың 24 шілдесінде «ЗНКААРК» РММ «Қазақстанның Зағип спортшылар одағы» ұжымымен бірлесе отырып, аталған санаттағы азаматтар арасында шахматтан кезекті турнир өткізді.
Бұл мерекені құру бастамасы 1924 жылы 20 шілдеде Парижде құрылған Дүниежүзілік шахмат федерациясына (ФИДЕ) тиесілі. Ғасырлық мерейтойға үш жыл ғана қалды.
Қазіргі уақытта әлем бойынша шахматты жүздеген миллион адам ойнайды.
Аталған іс-шараның мақсаты:
— Шахмат ойынын танымал ету;
— Кәсіби шеберлікті арттыру;
— Жастар арасында жаңа таланттарды анықтау.
Өткізілген турнир жаппай сипатқа ие. Әр жылдары бұл жарыстарға 20-ға жуық адам қатысты. Соңғы екі жылда елімізде орын алған төтенше жағдайға (пандемия, карантин) байланысты шектеу шаралары болғандықтан турнирге шахматшылар көп қатыса алмауда. Биыл қатысушылар саны 12 адамды құрады: (10 ер азамат пен 2 әйел). Күрес спорттық, достық негізде өтті. Нәтижесінде жеңімпаздар арасындағы орындар келесідей бөлінді: Әйелдер тең нәтиже көрсетті және екеуіне де 1 орын берілді.
Ерлер арасында:
3 орын — Карибаев Ш.Ш.
2 орын — Кенжебеков Н.
1 орын — Джумабеков М.Т.
Турнир жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Жарысқа Назарова М. төреші болды. Жүлделі орындарға «Қазақстанның Зағип спортшылар одағы» қаржы бөлді.
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі