News & Events
«Еліміздің жүрегі-Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шара
- 02.07.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Видеожаңалықтар Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 2-ші шілдесінде кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасының Елордасы Нұр-Сұлтан күніне арнап, онлайн форматта «Еліміздің жүрегі-Нұр-Сұлтан» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – өскелең ұрпақтың мемлекет тарихы жөніндегі білімдерін кеңейту, оларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. Егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның президенті Қасымжомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.
Іс-шара барысында жүргізушілер қазақ, орыс тілдерінде Елордамыз «Нұр-Сұлтан» қаласының тарихына кеңінен тоқталып өтті. Кітапхана оқырмандары осы айтулы датаға арнайы дайындаған өздерінің әндерін шырқады.
Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде! Ал сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын болсын, халқымның Ақ Ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!
Жеке қызмет көрсету бөлімі