News & Events
Мамыр айының 5-і күні кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі Ұлы Отан соғысында совет халқының фашистік Германияны жеңгеніне 76 жыл толуына орай «Отан үшін от кешкендер» атты онлайн-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
- ұрыс даласында мерт болған солдаттарды еске алу;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрмет тұту;
- Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер мен әндерді насихаттау;
- соғыс ардагерлерінің өмірлерін үлгі ете отырып, жастарға патриоттық, адамгершілік сезімдерін ояту.
Қазақстан өз халқының 25 пайызын осы соғысқа жұмылдырды. Республика бойынша 18 жастан 50-ге дейінгі ер-азаматтардың 10 пайызы соғысқа аттанды. Ұрыс даласының нағыз қайнаған ортасына: Москва түбіндегі, Сталинград және Курск доғасында қазақстандықтар қасық қандары қалғанша жаумен арпалысты.
Көптеген қазақстандықтар Еуропаны азат етуге, сондай-ақ Берлинді алуға қатысты. Кескілескен ұрыс майдандарында жан аямай соғысты, олардың 500-ден артығы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда и Иван Павловтар Кеңес Одағының екі мәрте Батыр атақтарын алды.
Қазақстандық қос арулар – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовалар Батыр атағын қайтыс болғаннан кейін алды.
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен соғыс үшін жасалған әрбір 10 оқтың 9-ы Қазақстан зауыттарынан шыққан болатын.
Жеңіс туын рейхстагққа желбіреткен біздің жерлестеріміз – лейтенат Рахымжан Қошқарбаев және 674-ші атқыштар полкінің қатардағы жауынгері Григорий Булатов болатын.
Көптеген қазақстандықтар бұл сұрапыл соғыста мезгілсіз жер жастанды. Бірақ олар жеңіп шықты.
Бұл батырлардың аттары еліміздің тарихи мұрасында Ұлы Жеңістің символы болып ұрпақтар жадында мәңгі сақталып қалады.
Іс-шара барысында осы айтулы күнге кітапханамыздың қызметкерлері мен белсенді оқырмандары өз құттықтауларын Ұлы Жеңіс күніне арнады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі