News & Events
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 30 сәуір күні онлайн форматтаҚазахстанның халық әртісі, композитор, Жетісудың бұлбұл әншісіДәнеш Рақышевтың 95-жылдығына орай «Бұлбұл Дәнештің ән әлемі» атты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтті.
Жыр кеші қазақтың дәстүрлі ән өнерін биік белеске көтерген Дәнеш Рақышевтың шығармашылығына арналды.Жазиралы Жаркент өңірі талай таланттарды тудырып, қанаттандырған қасиетті өлке. Ән өнерінің ақ берені Дәнеш Рақышев үшінде бұл аймақтың орны бөлек. Алғаш өнер жолын осы жерден бастап дәстүрлі ән мектебін қалыптастырды. Шәкірт тәрбиелеп ұлттық өнеріміздің шоқтығын биік етті.Кеш басталмас бұрын желі қолданушылар Дәнеш атамыздың орындауында халық әні «Аңшының әні» атты бейне баянды көріп тамашалады.
Дәнеш Рақышев әнші композитор, Қазақ КСР-інің Халық әртісі. «Жас қайрат», «Жер сұлуы Жетісу», «Комсомол», «Саясында Алманың», «Жеңеше», «Туған жер», «Алматым» тағы басқа көптеген әндердің авторы. Тағдырдың айдауымен туған жерден жыраққа кетуге мәжбүр болған. 1959 жылы қайта елге оралады. Қытайдағы қазақтардың аузында жүрген әндерді жазып келеді және насихаттайды. Қазақтың ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өр талант иесі Дәнеш Рақышевтың өз жанынан 100-ге тарта әндер шығарған. Оның сыртында халыққа жеткізген Әсет Найманбаевтың 15 әні бар. Бүкіл қазақтың ән өнеріне Әсеттің бүкіл ән мектебін, Әсеттің ән мұрасын жеткізген Дәнеш атамыз екен. Сонымен қатар Дәнеш атамыз орындамаса, айтпаса осы күндері кім біледі ұмыт болып кетер ме еді, көптеген халық әндерін жеткізген. Дәнеш атаның әндерін жұртшылыққа ұсынып орындап жүрген шәкіртері, төл шәкірттерінің бірі, кенже шәкірті,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті Нұржан Жанпейісовтың орындауында Дәнеш Рақышевтың «Аңшының әні» әні көрермен қауымға ұсынылды.
Жыр кешінің қонағы болған Дәнеш атамыздың ізін басып, өнерін жалғастырушы дәстүрлі әнші«Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі Қайратбек Бектұрсын«Саясында алманың» әнін ұсынса, Қарасай аудандық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Таңжарық Әкімзат әннен шашу шашты.Әншінің өмірін баяндай отырып жүргізілген кешті әлеуметтік желіні қолданушы оқырмандарымыз жылы қабылдайды деп сенеміз.
Назым Момбекова,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері