News & Events
ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – БАБАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ ҚАЗЫНА!
- 22.03.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
«Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» — деп, Елбасымыз айтқандай, көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан тәуелсіз еліміздің тыныштығын тілеуіміз керек.
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына қадам баса отырып, тарихы тереңде жатқан қазақ елінің ұлттық құндылықтарын дәріптейтін жыл басы Наурыз мерекесіне келіп жеттік. Ұлыстың ұлы күні бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымы терең тарихи шежіре.
Наурыз ай туғанда күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі.
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін Көңіл мерекесі.
Осындай жадырап келген көктемнің наурыз мерекесін ерекеше жандандырып, көңіл көтеретін әні мен биі ғана емес, сонымен қатар ұлттық ойындары да жаныңды жадыратады.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр.
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі – мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмаған. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата–бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша.
Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.
Ойын дегеніміз – білуге, білімге құштарлықты ұшқындататын құрал.
Қазақта 150-ге тартаұлттықойындар бар. Олардызерттеген Е. Сағындықов, Ә. Диваевсекілдіғалымдар: ойын-сауық, тұрмыс-салтойындары, жануарлардүниесі, аңшылыққабайланыстыойындар, түрлізаттарменойналатын, зеректікті, ептіліктіжәнеикемділіктіқажетететін, денешынықтыру спорт ойындарыдеп бес түргебөліпқарастырған.
Міне, мұның бәрі баланың көңілін ашатын, оны ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат қақтыратын ғажап ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Әрине, ол ойындардың бүгінде біразы ел есінен шығып, ұмытылып барады.
Ұлттық ойындар спорттық және ақыл ойға арналған ойындар болып екі топқа бөлінеді. Ұлттық ойындарға мына ойын түрлері жатады: «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Асық», «Ақсүйек», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Көкпар», «Күміс алу», «Жамбы ату». Бұл ойындар баланың еңбекке деген қарым–қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр да епті, зерек те алғыр, тапқыр да парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан–ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз.
Осы аталған ұлттық ойындардың біріне тоқталып өтетін болсақ, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада» қазіргі таңда еліміздегі карантинге байланысты қызметкерлер арасында өткізілген Ұлттық ойындарды дәріптеу барысында, оқырмандарға онлайн түрінде жеткіздік.
Тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ – бүгінгедейінөздәрежесінұстаптұрғанұлттықойындарымыздыңбірі. Тоғызқұмалақтытөртбұрыштытақтадаойнайды. Тақтаныңекіқатарғатоғыз-тоғыздансопақшакелгенұясы, әрқатарүшінбірденжасалғанекіқазанболады. Олардыңтүсіекібөлек. Әройыншыға 81-ден құмалақберіледі. Оларұяларға 9-дан орналастырылады. Ойыншарты: тоғызқұмалақтыңпартиясыақ пен қараныңкезектесіпотыратынжүрісінентұрады. Ойындыбастаушыадамөзініңкезкелгенұяшығындабірқұмалақтықалдырып, олардысағаттілінеқарсыжақтанбастапұяларғасалыпшығады. Егереңсоңықұмалақтүскенбәсекелестіңұзындығы тақ саны жұпболса, ондаойыншысолұядағықұмалақтытүгелімен, өзқазанынааударыпалады. Ойынбарысындаойыншылардыңбіреуініңұясында 2 құмалаққалып, оғанқарсыласыеңсоңғытасынсалыпүлгерсе, олүштастытүгелалады да, ұяойынаяғынадейін «тұздыққа» айналады. Бұданкейінсолұяғатүскентастар «тұздық» иесініңқазанынакөшеді. Қазанынажалпы 82 құмалақжинағанойыншыжеңіскежетеді.
Ал «Арқан тартыс» ойыны кітапханамыздағы ер азаматтар арасында өткізілді. Ондағы мақсат, екі жақтағы қатысушыларды күш-жігерлерін анықтау.
Арқан тартыс. Ойынға ұзындығы 10 метрдей кендір арқан керек. Арқанның қақ ортасы қызыл орамалмен байланады. Осы орамалдың екі жағынан 1,5-2 метрдей қашықтықта жерге белгі салынады. Екі топқа бөлінген жастар бойларына қарай арқанның екі шетінен ұстайды. Төреші белгі берген сәттен-ақ екі топтың ойыншылары арқанды өздеріне қарай тартады. Арқанның ортасындағы қызыл орамалды жердегі белгіге бірінші сүйреп әкелген топ жеңімпаз атанады.
Ендігі кезекте «Қол күресі». Бұл ойын түрі қазақ халқының ұлттық ойыны болмаса да біздің ұлттық ойын түрлеріне ұқсас. Наурыз мейрамы кезінде және басқа да спорттық ойын жарыстарында қолданылып келеді.
Бұл ойынның қысқаша тарихын айтып кететін болсақ, қол күресі (Армрестлинг) спорты ежелден бері қызық әрі қиын спорт түрі болып табылады.1952 жылы Калифорнияның Петалума қаласында ең бірінші осы спорт түрі жандана бастаған. Бұл спорт түрінің жандануына үлес қосқан алғашқы адамдардың бірі америкалық журналист – Билл Соберанес. Ол ең алғаш 1952 ж. Петалума залында қол күресінен (Армрестлингтен) жарыс өткізіп халықтың ыстық ықыласына бөлене отырып, осы спорттың дамуына себепші болды. Қазірдің өзінде Петалума қаласында әр жылдың қазан айының екінші сенбісінде қол күресі өткізіліп отырады. 1962 жылы Билл мен Дейв Девото бірінші әлем чемпионатын өткізген. Осылайша бұл спорт түрі қазіргі кезде өз федерациясын құрып, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізіліп отырады. Қазіргікүндеқолкүресі «армрестлинг» дегенатауменбелгілі. Бұлсөзағылышынтілінен «arm»-қол, «wrestling»-күресдегенмағынаныбереді. Арместлингспортықазіргікүнде Олимпиада ойындарындакірмесе де, бұл спорт студенттер, оқушылар, қарттар жәнемүгедектерарасындаөткізіліпотырады.
Бұл ойынды біздегі зағип жандар арасында да өткізіліп отырады.
Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениеті болғанын айқындайды. Осындай ата-бабаларымыз мұра қылып кеткен асыл қазынамыздағы ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алмау үшін келешек ұрпаққа дұрыс дәріптеп жеткізіп отыру біздің міндет.
Дайындаған: М. Қ Әмірова