News & Events
21- ші наурыз -ұлттық тағамдар күні
- 21.03.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айының 21-ші жұлдызында кітапханамыздың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Қазақтың Ұлттық тағамдарына» онлайн форматта іс-шараны ұсынады.
Іс-шараның мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалауға, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Тағамдардың жасалу жолдарынан түсінік беру.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Мырзабеков Алмас және оқырмандарымыздың қатысуымен наурыз көженің дайындалуы туралы бейнеролик және қазақтың ұлттық тағамдар туралы слайд жасалынды.
Қазақ халқы ежелден табиғи өнімдерді тұтынған. Таза тағамдардың адам денсаулығына өте пайдалы екендігін де ерте бастан түсінген. Мал шаруашылығын қолға алып, төрт түлікпен біте қайнасқан бабаларымыз әсіресе малдың еті мен сүтінен өте көп тағам түрлерін дайындаған.
Наурыз думанын кең көлемде тойлауға арналған биылғы жылдың күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымызды насихаттауға, сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері дәл осы күні жаңғыртуымыз қажет. Сонымен қатар төрт түліктің сүтінен жасалатын тағамдардың орны ерекше. Олар бірыңғай денсаулыққа пайдалы дәрумендерден түзілген табиғи өнімдер. Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!