News & Events
Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам баса отырып, тарихы тереңде жатқан қазақ елінің ұлттық құндылықтарын дәріптейтін жыл басы Наурыз мерекесіне де келіп жеттік. Ұлыстың ұлы күні бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымы терең тарихи шежіре.
Қазіргі таңда жыл сайынғы аталып өтетін наурыз мерекесін ел ішіндегі болып жатқан пандемеяға байланысты онлайн өткізілуде.
Біздің Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханадағы түрлі іс-шаралар да онлайн өткізіліп келеді. Биылғы жылы Наурыз мерекесі де әр бөлім болып түрлі шараларды онлайн түрінде өткізіп, оқырмандарға онлайн түрінде жеткізудеміз.
«Сөлейтін» және Брайль кітаптарын шығару бөлімі «Спорт және шеберлік күніне» байланысты «Қазақтың ұлттық ойындарына» баса мән берілді. Қазақтың 150-ден тарта ойындары бар. Соның ішінен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайландырып «Арқан тартыс» пен «Тоғыз құмалақ» ойыны қызметкерлер арасында ойнатылды. Қазақ халқының ұлттық ойыны болмаса да біздің ұлттық ойын түрлеріне ұқсас «Қол күрес» болды. Бұл ойын Наурыз мейрамы кезінде және басқа да спорттық ойын жарыстарында қолданылып келеді.
Осындай ойынның үш түрінен қызметкерлер арасында жарыс ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы — оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
Қазақтың жаңа жылы — 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз көжесімен бірге, әуенді әндері мен билерімен жалғасын тауып, ұлттық ойын-сауықтарымен ұласатыны халықтың көңілінен шығатыны хақ.
Олай болса, Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт-береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі — Наурыз мейрамы құтты болсын!
Баймұратова Нүрия