News & Events
Үлкенді сыйлау – өзіңді сыйлау. Үлкендер дегеніміз пайғамбар жасына жеткен ақсақалды аталар мен ақ шашты əжелер. Олардың өмірде көргені мен түйгені көп, күнделікті тұрмыста мол тəжірибе жинаған дана адамдар. Үлкендер бұрын сол байлықтарын өткен ата-бабалардан қалған мұра ретінде келер ұрпаққа, яғни немерелері мен шөберелеріне аманат етіп беріп отырған. Ата-бабаларымыз болашақ жастарға иманды, инабатты, ізетті болып өсуі үшін өсиет айтып, бата беріп, тілек тілеген. Қазақ халқының салты бойынша ата-бабасының айтқан өсиеттерін ардақтап, оны ерекше құрметпен есте сақтау əдетке айналған. Үлкендерді қадірлеп, оларға бірінші болып сəлем беру, қариялармен ақылдасу, үйге келген қарт кісіні төрге шығару, қарт адамдарға сыбаға сақтап, сый-сияпатын көрсету, олардың батасын алу, үлкен адамдарға қамқорлық жасау халқымыздың салтқа айналған дəстүрлерінің бірі. Осы орайда Наурыз мейрамына орай кітапханамыздың ақсақалы, қазіргі таңда еңбегінің зейнетін көріп отырған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, композитор – Шакиров Мүбәрак Ақмаловичтің батасын қабыл алыңыздар.