News & Events
«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ, Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімі 2021 жылдың 12 наурыз күні «Н.Островский атындағы № 4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Дарим надежду и оптимизм» — жастар мамандықтар туралы тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған өзекті диалог ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: зағип және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының жоғары сынып оқушыларына мамандықты саналы түрде таңдауына көмектесу, түрлі мамандықтарға байланысты ақпарат беру, мүмкіндігі шектеулі адамдардың түрлі мамандықтарды игеру мүмкіншіліктері барын көрсету болып табылады.
Шараға «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жастар ұйымының президенті Садыгулов Ербол, «Феникс» мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымының хатшысы Келдыбекова Салтанат, журналист, «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік орнықтыру» қоғамдық ұйымының ютуб-блогері Жуматаева Асем қатысты.
Кездесуде тұлғаның бағыттылығын анықтайтын психологиялық тест өткізілді, бұл жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тануына және болашақ мамандық таңдауына көмектеседі. Кездесуге келген қонақтар, сол мектептің түлектері өмірдегі, бизнестегі және қызметтегі жетістіктері туралы, сондай-ақ жұмыс табуда және жұмысқа орналасуда қандай қиындықтар болғанын айтып берді. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді мамандықтар туралы қызықты диалог және түрлі саладағы атақты зағип жандар туралы викторина жүргізілді. Іс-шара шеңберінде болашақ түлектер келген қонақтарға мамандық таңдауға байланысты сұрақтарын қойды.
Шараға 6-12 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Барлығы 26 адам.
Камалбекова Н.К.
Кітахана ісін дамыту,
библиография және тифлология бөлімі