News & Events
«Сарқылмайтын жылылық, Ана атты – ұлылық»
- 05.03.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
https://www.facebook.com/watch/?v=265077301869683
Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі.
Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі.
Дана халқымызда: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Қыз өссе – елдің көркі» деген қанатты сөздер бар. Бұл сөздер – халқымыздың ежелден әйел затын ардақтай білгенінің айғағы.
Ағымдағы жылдың 5 наурызында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Сарқылмайтын жылылық, Ана атты – ұлылық» атты 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай әдеби-сазды онлайн кеш өтті.
Мерекелік кештің мақсаты: Барлық нәзік жанды аруларымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шараны онлайн форматта кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы құттықтап, өз лебізін білдірді.
Мерекелік іс – шара жарқын концерттік бағдарламамен жалғасты: кішкентай оқырманымыз Кыстаубаев Абдуррахман аналарға арналған тілегін жолдаса, Жұмаханов Орынбасардың орындауында «Сағындың ба балаңды апа?», кітапхана қызметкері Назарова Мөлдір Фредерик Шопен «Вальс» си минор, Феликс Мендельсон «Песня без слов» фа-диез минор шығармаларын, Федор Зражевский «Я весь мир отдам за нее…» әндерін орындады.
Даржанова Г.Т.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің меңгерушісі