News & Events
Ағымдағы жылдың ақпан айының 25- ші жұлдызында кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі «Алғыс айту» күні аясында онлайн форматта «Алғыс – асыл сөз» атты әдеби-сазды кеші өтті.
Іс–шара өткізудегі мақсатымыз елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ұлттар арасындағы достастық қарым-қатынасты нығайту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу болған.
Өздеріңізге белгілі, Елбасының Жарлығымен 1-ші наурыз «Алғыс айту» күні болып жарияланды. Елімізде жыл сайын аталып өтетін айтулы күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымызбен, ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтіні анық.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» — деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойғандығын кеш жүргізушілеріміз баяндап өтті.
Іс-шара барысында «Алғыс айту» күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні екендігі айтылды. Осы айтулы күнге кітапханамыздың қызметкерлері мен белсенді оқырмандары өз құттықтауларын ұстаздар қауымы мен ақ халатты абзал жандарға арнады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі