Алғашқы жеке өлеңдер мен поэтикалық кітаптардан Мақатаевтың қайталанбас дауысы анықталды. Таза және айқын, адамның ең терең сезімдері мен толғаныстарын қарапайым тілмен жеткізуі, оның ғажайып поэзиясын қолға алған оқырмандарды таңғалдырады. Биыл Ұлы ақынның туғанына 90 жыл толады. Осы күнге байланысты Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана «Жыр жүйрігі Мұқағали» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.