News & Events
«Жүрекпен көру» атты виртуалды кітап көрмесі.
- 15.01.2021
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың тарихы мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, оларды қоғамдық пайдалы еңбек қызметіне тарту, оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және жалпы білім беру мен мәдени деңгейін арттыруға жәрдемдесу мақсатында 1937 жылы қоғамдық ұйым ретінде ұйымдастырылған Қазақ соқырлар қоғамының тарихымен тығыз байланысты. 1969-70 жылдар аралығында Қазақстанда ҚазССР Мәдениет министрлігінің 1969 жылғы 12 ақпандағы №29 бұйрығына сәйкес зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 14 арнайы кітапхана, оның ішінде Алматы кітапханасы №22 қалалық кітапхана негізінде ашылды. Биыл Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың құрылғанына 50 жыл толады. Осы күнге орай «Жүрекпен көру» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда біздің кітапхана – автоматтандырылған кітапханалық үдерістер жүйесімен, жаңа жабдықтармен, көру қабілеті нашар адамдарға компьютерде жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалары бар тифлотехникамен, арнайы әдебиеттерді басып шығаруға арналған заманауи тифлотехникалық құралдармен жабдықталған мекеме. Өткенге көз жүгіртсек, кітапхана алғашқы күндерден бастап қазіргі уақытқа дейін мүгедектердің әлеуметтік интеграциясына ықпал етіп, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалтуда мемлекеттік жүйенің бір бөлігі болып, қоғамды ізгілендіру процесіне өз үлесін қосып, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құруға ықпал ететінін атап өткен жөн.