News & Events
2020 жылдың 14 желтоқсан күні зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімі кітапхананың әлеуметтік желілерінде онлайн-режимде Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіздік шапағаты» атты онлайн әдеби-сазды кеш өткізді.
Әдеби-сазды кештің мақсаты: Келешек ұрпақтың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқырмандарға ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасап, түсіндіру.
Іс-шара online режимде өтуіне байланысты оқырмандарға бейнебаян түрінде ұсынылды. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдады. Міне, биыл Тәуелсіздігімізді алғанымызға 29 жыл толып отыр. Онлайн форматта өткен бейнебаянда еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі қазіргі уақытқа дейіңгі жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері жөнінде айтылды. Кеш барысында әлеуметтік желі пайдаланушыларының назарына кітапханамыздың белсенді оқырманының бірі «Еркеле» қоғамдық қорының мүшесі Смағұлова Сәуленің мәнерлеп өлең оқуы, сонымен бірге, Калиева Фариданың орындауында «Күн дидарлы Қазақстан» әні ұсынылды. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандары Дарьябаева Назерке мен Жексенбай Нурисламның тәуелсіздікке арнаған арнау өлеңдері оқылды.
Әрбір атқан таңымыз тек бейбітшілік пен ынтымақтастыққа толы болуын тілей отырып, оқырмандарға «Қаламқас» вокалды-аспаптар ансамблінің орындауында «С добрым утром, родной Казахстан!», «Казахстанская земля» әндері ұсынылды.
Іс-шара соңында, «Еркеле» қоғамдық қорының мүшесі Башаев Руслан «Отан ана» әнімен кешімізді қорытындылады.
Қазір Қазақстан тарих үшін тамшыдай уақыт саналатын ширек ғасырда саяси сауатты, экономикасы қуатты, әлеуметі тұрақты, шекарасы шегендеулі мемлекетке айналды. Алдағы уақытта, Ұлы дала елінің алдағы мұраттарыда – ҰЛЫ!
Жұмағалиева Ж.Ж.
Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері