News & Events
«Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қорына 25 жыл
- 30.11.2020
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қорына 25 жыл
2020 жылдың 30 қараша күні зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімі кітапхананың әлеуметтік желілерінде онлайн-режимде «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қорының құрылғанына 25 жыл толуына орай онлайн ақпарат берді.
Ақпараттың мақсаты: оқырмандарға «Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қорының мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсеткен көмегі туралы айтып өту, ақпарат беру.
«Көмектес» көзі көрмейтін мүгедектердің қоғамдық қайырымдылық қоры Алматы қаласында 1995 жылы 11 желтоқсанда құрылды.
Қордың мақсаты — көзі көрмейтін адамдарға қолдарынан келетін ақы төленетін жұмысты алуға көмектесу, оларға қайырымдылық материалдық көмек көрсету және бос уақытын ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік оңалтуға және олардың барлық қызмет салаларында мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеуге жәрдемдесу болып табылады.
25 жылдан бері «Көмектес» қорын қоғамдық бағытта Сапелкин Александр Филиппович сәтті басқарып келеді. Осы жылдар ішінде қор Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың беделді ұйымдарының біріне айналды.
«Көмектес» ҚҚҚ өз жұмысын демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар қаражаты есебінен жүзеге асырады. Соның арқасында түрлі сипаттағы көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр.
Оған келдіретін бірнеше фактілер:
«БОТА» қоғамдық қорының материалдық қолдауымен «Зағип мүгедектер өміріндегі компьютер» жобасын сәтті жүзеге асырды. Көзі көрмейтін 26 жас мүгедек компьютерде өз бетінше жұмыс істеуді үйренді.
«Көмектес» қоры қызметінің негізгі бағыттарының бірі әрқашан қазақ тілі мен қазақ музыкалық өнерін насихаттау болып табылады. Осы мақсатта 2013 жылдан бастап жыл сайын «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ-мен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында Алматы қаласы мен Алматы облысының түрлі ұлт өкілдерінің (соның ішінде зағип оқушылар арасында) зағип мүгедектер арасында қазақ тіліндегі «Менің елім» қазақ әндерінің конкурстарын өткізіп отырады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының өмірімен, шығармашылығымен көзі нашар көретін мүгедектерді таныстыру мақсатында «Көмектес» қайырымдылық қоры Николай Зенковичтің «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап. Нұрсұлтан Назарбаев» пен Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» және «Тәуелсіздік дәуірі» монографияларын дыбыстандырды.
Кітаптар «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ-нің дыбыс жазу студиясында қазақ және орыс тілдерінде дыбыстандырылды және еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған барлық кітапханалар мен мектептерге тегін таратылды.
2018 жылы «Көмектес» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялау күніне арналған «Шахмат олимпі» фестивалін өткізді.
25 жыл бойы «Көмектес» қайырымдылық қоры «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» РММ-мен бірлесіп зағип әуесқой әртістердің көптеген әдеби-музыкалық кештері мен концерттерін ұйымдастырды.
Зағип мүгедектер арасында құқықтық білімін насихаттаумен және оларға заң көмегін көрсетумен үнемі айналысып отырады.
Көзі көрмейтін студенттерді қолдау әрқашан «Көмектес» қайырымдылық қорының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып келді.
Демеушілердің қаражаты есебінен көзі нашар көретін мүгедектерге қайырымдылық көмегін жүйелі түрде көрсетіп, мұсылмандар үшін қасиетті Ораза айт және Құрбан айт мерекелерін бай дастархан басында атап өтуге жағдай жасайды.
Сондай-ақ, зағип жандардың материалдық қолдаудың басқа да түрлерін қолданады.
Қазіргі уақытта Александр Филиппович Сапелкин бастаған «Көмектес» қайырымдылық қоры белсенді жұмысын жалғастыруда, мемлекетіміздегі зағип мүгедектердің өмір сүру сапасы мен мәдени деңгейін көтеруге ұмтылып, белсенді жұмыстарын әрі қарай жалғастыруда. Жақсылық қылмақ – шын адамдық белгісі демекші, қайырымды жүректерді толқытатын «Көмектес» қоғамдық қайырымдылық қорына алдағы уақытта жоспарлаған әрбір жұмысының сәттілікпен орындалуына, әрі қарай биік белестерді бағындаруына тілектеспіз!
Жұмағалиева Ж.Ж.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері