News & Events
Ел мен Елбасы — егіз ұғым
Ағымдағы жылдың қараша айының 26-ы күні жеке қызмет көрсету бөлімі онлайн форматта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел мен Елбасы — егіз ұғым» әдеби-сазды кешті ұйымдастырды.
1990 жылы Президенттік билік институтын енгізу, одақтас республика ретінде нақты егемендікке алғашқы қадам болды.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланды. 2011 жылдан бастап 1-желтоқсан Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіледі.
Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.
Бұл күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетістіктері мен ел дамуы үшін қосқан орасан зор үлесін келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында мемлекет көлемінде түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары мен Қаскелең мәдениет колледжі студенттерінің мерекелік концертін дайындады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі
26 ноября в отделе индивидуального обслуживания в онлайн формате пройдёт литературно-музыкальный вечер «Ел мен Елбасы — егіз ұғым», посвящённый Дню Первого Президента Республики Казахстан.
Введение в 1990 году института президентской власти стало первым серьёзным шагом Казахстана как союзной республики к реальному суверенитету.
Следующим важным шагом стало проведение уже прямых выборов, на которых абсолютным большинством голосов 1 декабря 1991 года Нурсултан Назарбаев стал всенародно избранным Президентом. Именно эта дата сейчас отмечается как День Первого Президента Казахстана.
Нурсултан Назарбаев стоял у истоков создания казахстанской государственности, он внес вклад в развитие и процветание суверенного Казахстана, как демократического, светского, правового и социального государства. На протяжении многих лет под руководством Первого Президента Нурсултана Назарбаева Казахстан добился высоких результатов на мировой арене.
В рамках мероприятия пользователи библиотеки и студенты Каскеленского колледжа культуры подготовили праздничные номера.
Отдел индивидуального обслуживания