1 желтоқсанда Қазақстанда Тұңғыш Президент күні тойланады. Республикада тұңғыш Президент күні 2012 жылдан атап өтіле бастады. Бұл 2011 жылдың 10 желтоқсанында заңнамалық деңгейде қабылданған сенаторлардың бастамасы болды. Бастамашылардың айтуынша, бұл мереке Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика алдындағы ерен еңбегін атап өту және мойындау мақсатында ұйымдастырылды.
Осы күнге орай «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ «Әлем таныған Елбасы» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлінің ықпалы — бұл еліміздің Тұңғыш Президентінің байыпты жұмысы мен жеке қажырлығының нәтижесі. Осының айқын нәтижесі бүгінде еліміздің әлемде ең принципті халықаралық бітімгерлік үдерістердің беделді қатысушысы ретінде қабылдайтыны болып табылады.