News & Events
«Қайырымдылық – жылы жүректен»
- 11.11.2020
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
«Кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология» бөлімі назарларыңызға 3 қараша — Халықаралық зағиптар күніне орай «Қайырымдылық – жылы жүректен» тақырыбында ақпараттық бейнероликті ұсынады.
Бейнероликті оқырмандарға ұсыну мақсаты: атаулы күннің тарихына және танымал педагог Валентин Гаюидің еңбегіне шолу көрсету, зағип жандардың тыныс-тіршілігінен хабардар ету және қоғамдық шаралардан тыс қалмауға шақыру.
Валентин Гаюи 1745 жылдың 13 қарашасы күні дүниеге келген. Ол Францияда, Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог.
Осы үшін де дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күнін белгілеуге негіз болды.
18 ғасырға дейін әлем зағиптарға арналған мекемелерді білмеді. В.Гаюи алғаш рет өзі ойлап тапқан қаріп бойынша көз жанарынан айырылған жандарды оқытудың әдісін ұсынды. 1784 жылы Парижде үкімет пен қайырымдылық қоғамдардың еш қолдауынсыз ол жеке қаражатына өзінің үйінде зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті ашты. В.Гаюидің тұңғыш оқушысы жетім бала Франсуа де Лезюер болды. Кейін мектепке онымен тағдырлас тағы 11 бала қабылданды.
Валентин Гаюи зағип балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ғылыми жолға қойды. Ол бедерлі-ұзындықты «унциал» шрифтін ойлап тапты. Олар қатты қағазға бедерленіп түсірілген, бір пішінді ірі әріптер болды. Шрифт жылжымалы болды және ол балаларға қажетті тексттердің мәтінін жасап шығаруға мүмкіндік берді.
1803 жылы В.Гаюи Ресей императоры І Александрдан Санкт-Петербургта зағиптарға арналған оқыту-тәрбиелеу мекемесін ашу ұсынысын алды. 1807 жылы І Александр зағиптарға арналған Санкт-Петербург институтының жарғысын, штаты мен бюджетін бекітті.
Статистикалық мәліметтерге сенсек, Қазақстанда қазіргі таңда 25 мың зағип жан бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылы әлемде зағип жандардың саны екі есеге артады деп болжауда.