News & Events
«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты виртуалды кітап көрмесі
- 10.11.2020
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Шоқанның одан әрі мансабын отбасылық дәстүр мен алған білімі айқындады: ол орыс офицері, барлаушы, дипломат және патша әкімшілігінің әртүрлі тапсырмаларын орындайтын шенеунік еді. Кадет корпусында білім алып жүрген кездің өзінде оның саяхатқа деген құштарлығы және «әлемге белгісіз Азияны ашу» арманы дүниеге келді. Оның арманы жас Шоқан ойлағаннан басқаша жүзеге асты: ол тек еуропалық ғылымның «зерттелмеген» жерлерін географ, саяхатшы ретінде зерттеп қана қоймай, Азияның негізі — адам, оның тарихы, ойлары мен сезімдерінің бейнесі сипаттады. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына (1835-1865 ж.ж) биыл 185 жыл. Осы күнге орай «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрнекті қазақ ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлиханов өзінен кейін кең көлемді әдеби мұра қалдырды. Қысқа ғана өмірінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихына, географиясы мен этнографиясына арналған бірқатар еңбектерді, сондай — ақ қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған көптеген шығармаларды жазып қалдырды. Жастық шағына қарамастан, ол энциклопедиялық көзқарасы қалыптасқан, сол кездегі ғылымда бірқатар сұрақтарды жаңаша қойған ірі ғалым болды.