News & Events
2020 жылдың 1 қазанында — Бүкіләлемдік қарттар күні орай, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың өнер және спорт әдебиеттері бөлімі, әлеуметтік желілерде «Қарияларға бас иеміз» атты онлайн режимде ақпараттық бейнеролик ұсынылды. Мерекеге орай, бейнеролик соңында оқырмандар назарларына өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкері Момбекова Назымның «Әкеге» әні орындалды.
1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Міне, содан бері Қазақстанда 1 қазан қарттар мерекесі тойлануда. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.
Қарттар күні-бұл ата-аналарымызды, ата-әжелерімізді ерекше назарда ұстайтын мейірімді және жарқын мереке. Қарттары бар ел — бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!
Макшпаева М.С.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері