News & Events
Ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы – туған тіліміз. Тіл – тұтастығымыздың, елдігіміздің кепілі. Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, сақтау – қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың қыркүйек айының 5-ші жұлдызында онлайн форматта әлеуметтік желілерде Қазақстан республикасының тілдер күніне «Тіл – асыл қазынам» атты әдеби сазды кеш өтті.
Мерекелік іс—шараның мақсаты: ел болашағы жастардың өз ана тіліне деген құрметін арттыру, тіл мәселесін көрсету, өз жұртына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту болды. Шара барысында бейне материалдар көрсетілді. Н. Островский атындағы зағиптер және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Умирова Даша «Толғау» әнін шырқап, желі қолданушыларын тәнті етті.
Тіл мерейі – ел мерейі, сондықтан өсіп келе жатқан әр ұрпақ ана тілімізбен сусындап мейірін қандырса, сонда еліміздің болашағы жарқын болмақ. Сондықтан мұндай шаралардың ана тіліміздің мәртебесін көтеруде маңызы зор. Іс-шараның ұрпақ тәрбиесімен рухани жаңғыруда алар үлесі зор болды.
Момбекова Н.А.,
өнер және спорт әдебиеттері
бөлімінің қызметкері
«Тіл – асыл қазынам»Ата-бабаның ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген алтын қазынасы – туған тіліміз. Тіл – тұтастығымыздың, елдігіміздің кепілі. Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сақтау, қасиетті борышымыз. Мерекелік іс-шараның мақсаты: ел болашағы жастардың өз ана тіліне деген құрметін арттыру, тіл мәселесін көрсету, өз жұртына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Сіздердің алдарыңызда Н. Островский атындағы зағиптер және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының оқушысы Умирова Даша «Толғау» әнін орындайды. Тіл мерейі – ел мерейі сондықтан, өсіп келе жатқан әр ұрпақ ана тілімізбен сусындап мейірін қандырса, сонда еліміздің болашағы жарқын болмақ!. ______________________«Тіл – асыл қазынам»5 сентября в нашей стране отмечается день языков народов Казахстана. Дата выбрана не случайно. В этот день родился известный казахский ученый и просветитель Ахмет Байтурсынов. Цель мероприятия: Воспитывать любовь и уважение к родному языку и своей стране среди читателей и молодого поколения. Прививать интерес к знанию государственного языка, формирование патриотизма через изучение культурного наследия народа. Каждый гражданин РК имеет право на пользование родным языком, на свободный выбор языка общения, воспитания, обучения и творчества. Родной язык – это неоценимое духовное богатство, в котором народ живет, передает из поколения в поколение свою мудрость и славу, культуру и традиции. Предлагаем к Вашему вниманию видеоролик, а также песню «Толғау» в исполнении ученицы специальной школы №4 для слепых и слабовидящих детей им. Н. Островского Умировой Даши.
Опубликовано РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК Суббота, 5 сентября 2020 г.