News & Events
(Қазақстандық паралимпиадашы, жеңіл атлетикадан өз класс тобы бойынша халықаралық спорт шебері, кітапхананың белсенді оқырманы Нұрлыбаев Мағжанның спорттағы жетістіктері)
Спорт – салауаттылық кепілі, денсаулық тірегі. Әдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болуы екіталай. Өйткені ол – спорт өнерінде қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген кісі ғана ұтатын өмір шындығы.
Спорт күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Ағымдағы жылдың 14 тамызда әлеуметтік желілерде Қазақстандық паралимпиадашы, жеңіл атлетикадан өз класс тобы бойынша халықаралық спорт шебері, кітапхананың белсенді оқырманы Нұрлыбаев Мағжанның спорттағы жетістіктері туралы онлайн іс-шара өтті.
Шарада Нұрлыбаев Мағжанның өмір жолы мен спорттағы жетістіктері көрсетіліп, өнерлі жігіт әннен шашу шашты.
Нұрлыбаев Мағжан 1991 жылы 4 қарашада Жамбыл облысы, Мерке ауданында дүниеге келген. Отбасында олар төртеу, әпкесі және екі інісі бар. Анасы мектепте математика пәнінен дәріс береді. Ал әкесі – жүргізуші.
Николай Островский атындағы мектеп-интернатын тәмәмдаған. 2010 жылдың ақпан айынан бастап спортқа көңіл бөле бастаған болатын. Мағжанды жеңіл атлетика қатты қызықтырды. Бұл спорт түрінің кәсіби атауы – спринт деп аталады. Жаттығулары Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. Жаттықтырушысы – Оничко Геннадий Григорьевич. Алғаш рет Қазақстан құрама командасының құрамымен 2014 жылы Дубай қаласына барды. Ол жерде халықаралық Гранпри «Фаза» линцензиялық турнирі өткен болатын. Сол жақта ол 2014 жылдың 24 ақпанында Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында қола медаліне ие болды.
2017 жылы Алматы қаласында өткен тірек қимыл аппараты зақымдалған және көру мүшесі төмен спортшылар арасындағы 5-ші Спартакиадада ұзындыққа секіруден өз класс тобы бойынша Нұрлыбаев Мағжан бірінші орын алып алтыннан алқа тақты.
Іс-шараның мақсаты: Паралимпиадашы спортшыларды дүйім жұртқа насихаттау, үлгі ету, жастарды спортқа деген ынтасын арттыру және дұрыс та сауатты демалуға үйрету.
Даржанова Г.Т., өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі
https://www.facebook.com/watch/?v=600612587266088
«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ»Қазақстандық паралимпиадашы, жеңіл атлетикадан өз класс тобы бойынша халықаралық спорт…
Опубликовано РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК Четверг, 13 августа 2020 г.