Шілде айының 27 жұлдызында кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің қызметкері Медьярова Жансая көру қабілетін жүре жоғалтқан пайдаланушыларға арналған “Атақты зағип жандар үлгі ретінде” тақырыбында оңалту бейне-сабағын өткізеді.
Сіздердің назарларыңызға спорт, музыка, сурет өнері мен саяси қызметте жетістікке жеткен зағип жандардың өміріне арналған ақпараттық бейнені ұсынамыз. Олардың мысалы өнерге деген сүйіспеншілікті, өзіне деген сүйіспеншілікті ешқандай шектеулер тоқтата алмайтындығын дәлелдейді. Бұл жандар өзіндегі күш пен талантты тауып, бүкіл әлемге танымал болған адамдар.