News & Events
Онлайн форматта «Көк туым көкте желбіреп, Елтаңба тұрса тұғырда» атты мерекелік іс-шара
- 03.06.2020
- Posted by: RBNSG
- Category: Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 3-ші маусымында кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне…
Опубликовано РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК Вторник, 2 июня 2020 г.
Ағымдағы жылдың 3-ші маусымында кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне арнап, онлайн форматта «Көк туым көкте желбіреп, Елтаңба тұрса тұғырда» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – өскелең ұрпақтың мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін кеңейту, оларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран — еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны елдің саяси тәуелсіздігінің және егемендігінің рәміздері. ҚР Конституциясының 34-бабында «әрбір азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге және оны құрметтеуге міндетті» деп жазылған. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара – құқықтық респект және ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет.
Бүгінгі таңда біздің Мемлекеттік рәсміздеріміз бүкіл әлемге танылған. Қазақстанның Туы Біріккен Ұлттар Ұйымының алдындағы флагштокта желбіреп тұр. Еліміздің Көгілдір Туы қазақтың космонавты Талғат Мұсабаевпен космосқа да алып барды. Халықаралық түрлі спорт шараларында қазақстандық спортшыларды марапаттау кезінде Қазақстан Республикасының Әнұранымен қатар Көк Байрағымызды көтеріледі. Қазақстан Республикасының Рәміздер күні, осы елдің әрбір азаматыны ерекше күн болып табылады.
Жеке қызмет көрсету бөлімі