Біз білетіндей, көптеген қоғам және мемлекет қайраткерлері, халықтың түрлі өкілдері, сондай-ақ тұрақты тұратын жерлерінен күштеп жер аударылған тұтас халықтар мен этникалық топтар сталиндік режим кезінде негізсіз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған.
Осыған орай РММ «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада» «Қасіретті жылдар жаңғырығы 1837-1938 жж.» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге нүктелі бедерлі қаріпте, жайпақ баспада, сонымен қатар, электронды тасымалдағыштағы әдебиеттер қазақ және орыс тілінде қойылды. Көрмеге келесідей әдебиеттер қойылды — С. Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», «Көп томдық шығармалар жинағы», «Бес томдық шығармалар жинағы», «Сол жылдар», Х. Досмұхамедұлы «Таңдамалы еңбектер. Избранные труды», «Таңдамалы», «Аламан», «Таңдамалы. Избранное», А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш», «Жан сөзімді кім түсінер?», «Бес томдық шығармалар жинағы. Т5», І. Жансүгіров «Құлагер», «Жолдастар», «Көп томдық шығармалар жинағы», Ж. Аймауытов «Қартқожа», Г. М. Дулатова «Алаштың сөнбес жұлдыздары», «Алаш қызы Гүлнар», М. Жұмабаев «Жан сөзі», М. Дулатұлы «Алашым, ардағым!», «Алты томдық шығармалар жинағы. В 6 т.», Б. Майлин «Көшпелі махаббат», «Шұғаның белгісі», «Көп томдық шығармалар», «Қызыл жалау», «Повестер және әңгімелер», «Бес томдық шығарамалар жинағы», сонымен қатар келесі аудиокітаптар М. Жұмабаев «Көп томдық шығармалар жинағы. 1 том. Өлеңдер, дастандар, әңгіме», «Жан сөзі», Ж. Аймауытов «Қартқожа. Роман», Б. Майлин «Шұғаның белгісі», Ж. Аймауытов «Ақбілек».
Қазақстан халқы саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен миллиондаған отандастар туралы естелікті жадында сақтауда. Осының барлығы қоғам бейбіт, эволюциялық дамудың құндылығын сезініп, осы секілді оқиғалардың қайталануына жол бермеуі үшін маңызды.